«Оқыту жұмысының ұстасы – оқытушы.
Оқытушының міндеті зор: оқытушының міндетін
түсіне білу, мақсұтқа тез жету үшін жіті еңбек
сіңіру керек. Кеңес құрылысының тірегі – халық
ағарту жұмысы, кеңес құрылысының ұстасы – ел
мұғалімі.
Сөйтіп, кеңес құрылысында халық ағарту
жұмысының орны қымбат. Қазақстанда бұл
қымбат баға әлденеше рет жоғарылайды.
Олай болған соң, жұртшылық ұстап қазақ
мұғалімі жұмысына дайын болуы, күндік тәжірибені
ойластырып,
одан
материалдарын
жинап
мамандығын арттыра беруге жұртшылық алдында,
тұрмыс алдында міндетті».
V.
1925 жыл, Қызылорда.
192
«Жаңа мектеп» журналы, 1925 жыл, № 3.
Журнал «Жаңа мектеп» («Новая школа»), 1925 год, № 3.
193
ОҚЫТУШЫ – КЕҢЕС ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҰСТАСЫ
Кеңес құрылысы, қысқалап-қысқалап айтқанда, бірте-бірте
ортақшылық тұрмысқа жақындау.
Қазақстан – кеңес үкіметінің мүшесі: Кеңес құрылысы
Қазақстанды да ортақшылдық тұрмысқа сүйреп келеді. Бұл
шексіз.
Жалпы Кеңестер Одағының елі Еуропамен салыстырғанда
кедей, надан, айналасы аш қасқырдай дұшпан капиталшы
мемлекеттер.
Қазақстанға келсек, күйі бұдан да нашар: ел тегісінен хат
танымайды, ғылым-мәдениет жоқ, шаруашылық шала-жан-
сар, жұртшылық жаңа ғана қылтиып келеді, тұрмыс көшпелі,
ескі жаман ғұрып-әдет көп, молда-қожаның, бай-бидің әлі күні
қылышынан қан тамып тұр, ұл – тұл, қыз – күң … тағы сондай-
лар.
Кеңестер Одағына жоғарыда көрсетілген мақсатқа,
ортақшылдық тұрмысқа жету үшін кеңес құрылысын дұрыстау
керек, әскерін күшейту керек, шаруашылығын өркендету керек
…мұның барлығы білім-мәдениеттің жоғарылауына байлаулы.
Бұл рет жалпы Кеңестер Одағына қас болса (керекті шарт бол-
са), Қазақстан үшін екілете, үштете шарт керек; кемшілік көп-
ақ. Көп кемшілікті жоюға көп еңбек керек. Бұл еңбек оқумен
ғана жемістенеді.
Қазақстан мемлекетінде ұлт әскері бөлімдері ашылып жа-
тыр. Бұл ұлт әскері жалпы Кеңестер Одағын қорғауға, жалпы
өктәбір жемістерін қорғауға керек, олай болса, әскер түзеу –
кеңес құрылысының ең керекті тамырларының бірі. Әскерді
дұрыстап құру жұмысы екі жолмен жасалады. Біреуі әскердің
сезімін, ақылын тап иманымен, жалшылар табының иманымен
толтыру. Бұл үшін әскер адамдарына, әскер адамдарын арасы-
нан шығарып беріп отыратын, елге саясат білімі, саясат сауаты
керек: саясат сауат оқуымен орналады.
Екінші жол – соғыс құралдарын, соғыс тетіктерін дұрыстау,
әуе кемелерін дұрыстау, ғаздармен амал жасай білу, тағы осы
сияқтылар. Бұл тетіктерді ғылым табады, химия, физика, ма-
194
тематика табады. Кеңес құрылысын, өзгеріс жемісін қорғаудың
бұл жолы да қолын білімге артып отыр: кеңес құрылысын
дұрыс жүргізіп бірте-бірте ортақшылық тұрмысқа жету үшін
кеңес өкіметінің әскерін күшейту, соғыс құралдарын дұрыстау
керек, бұл үшін елді ағарту керек.
Кеңесті отанды қорғау ғылыммен орындалатын болса, кеңесті
республикалардың, оның бірі – Қазақстанның шаруашылығын
өркендетуде ғылымға сүйенеді (Шаруашылықтың өркендеуін
жоғарыда ортақшылық тұрмысқа жету үшін керекті шарттың
бірі дегенбіз). Мәселен, оқу комиссариаты ел шаруашылық
мекемесі емес, – дейді. Керенский заманындағы бір дұшпаны
кеңес үкіметінде «төре» болыпты деп есітіп шошып кеткен. Бір
қазақ оқу жұмысының төресі болыпты дегенді есітіп: – ү-үп!
– деп, демін бір алып: – Менің баламды оқытпай-ақ қойсын!
– деген ғой. Бұқара елдің оқу жұмысына көзқарасы осылай.
Шындығында фабрик-зауыттағы болсын, егін егіп, пішен
шабудағы болсын жұмыстардың барлығы білім арқылы жаса-
лады, білім оқудан шығады.
Зауытта жер-су комиссарияты ұлы бұйым тауып берсе,
халық шаруашылығының кеңесі керекті машиналар тауып
берсе, оқу комиссариаты жасаушы, басқарушы шеберлер, ма-
мандар тауып беріп отыр. Шаршаған қартайған мамандардың
орнына фабрик-зауыттық мектептерде мыңдаған жастарды
оқытып, өнерін бұрынғы мамандардан арттырып, орынбасар-
лар дайындап отырған оқу комиссариаты. Билеу, сот, сауда
комиссариаттарындағы «жанды машиналарды» (мамандарды)
оқытқызып отыр. Ауылға барсақ та осыны көреміз.
Профессор Темирязев жері бірдей, шықшылауы, ауа райы,
бірдей аспап сайманы, күш тетігі бірдей Данияның мұжығы
Ресейдің мұжығынан бидайды үш рет көп алады, бұл қалай?
– деген сауалға: – Бұл Даниядағы ауылшаруашылық мектебінің
Ресейдегіден жақсы құрылғанынан, – деп жауап беріп отыр.
Марқұм Темирязев: – Ресейдің егіс жұмысын ілгерілетейін де сең,
мұжықтың мектебін дұрыста, – деген. Сөйтіп, шаруашылықты
ілгерілету үшін оқу жұмысын ілгерілету керек.
Халық ағарту жұмысы толығымен үш түрде болады.
195
1/ Хат танумен адамның жаратылыстағы, қоғамдағы
қолданатын жолын тануына қару бола алатын жалпы білім.
2/ Тап сезімін оятып, үстіміздегі қоғам өмірінің жолдарын
түсініп, азаматтық міндетті атқаруға жол ашатын саясат білімі.
3/ Халық шаруасының мүшесі, адамның мамандығын артты-
рып шеберлендіретін тетік ғылымы (технич. обр).
Сауатсыздықты жою, ел кедейіне арзан кітап тарату, оқу
үйлерін, кітапханаларды құрастыру, елдің жалпы саяси білімін
арттыру – оқу комиссариатының саяси ағарту бөлімінің, оның
орындардағы мекемелерінің міндеті.
Баулу мектептер ашып, мектепті ел шаруасына жанасты-
рып, ортақшылық жолымен ел балаларын тәрбиелеу, рабфак-
тар арқылы кедей шаруалардың, жұмысшылардың балаларын
жоғары мектептерге ендіру, ортақшылдық негізге құрылған
мемлекеттің жұмыстарының әр тарауына керекті қызметкерлер
дайындау социалдық және өнер-білім бөлімінің міндеті.
Жаңа тұрмыстың, жаңа жұртшылықтың тәжірибелерін
құрастырып, жаңа оқу жолдарын, оқу әдістерін, оқу
құралдарын, оқу кітаптарын дайындау, жалшылар табының
пәлсафасы тарихы затшылдық қисынын мектептер, кітаптар,
білім қоғамдары арқылы шайнап бейнетқор бұқараның аузына
салып бойына сіңіру – білім ордасының міндеті.
3) Ән, күй, ескі сөз, тақпақ, нақыл, сурет, ою, бояу – орысша
айтқанда – «искусство» адам баласына «руһани» арқау. Мұнсыз
ел, ел болып жасай алмайды. Жалшылар табының жаңа
жұртшылықтың өзінің өнерлі болуы керек. Бұл өнер (иск.) жоқ.
Оны жасау үшін ескі искусствоны білу керек. Қазақстанда жаңа
жұртшылықтың искусствосы жоқ. Ескі жиналмаған. Сондықтан
ескі искусствоны жинап іріктеп, сілкіп ішінен керегін алу аса
қажет. Бұл жұмыс та оқумен орындалады.
Өзгеріс адам баласын түбінде барып бағытқа жеткізетін бол-
са, пайдалы өзгеріс болады.
Шаруашылықты дұрыстау адам тұрмысын безеп
гүлдендіретін болса ғана пайдалы, дұрыстау болады.
Олай болса, білімнің көбеюі, «искусствоның» кеңуі –
ортақшылдықтың бірінші тілегі. Бұл жұмыс, бұл тілек оқу,
ағартумен ғана орындалады.
196
Оқыту жұмысының ұстасы – оқытушы. Оқытушының міндеті
зор: оқытушының міндетін түсіне білу, мақсұтқа тез жету үшін
жіті еңбек сіңіру керек. Кеңес құрылысының тірегі – халық
ағарту жұмысы, кеңес құрылысының ұстасы – ел мұғалімі.
Сөйтіп, кеңес құрылысында халық ағарту жұмысының
орны қымбат. Қазақстанда бұл қымбат баға әлденеше рет
жоғарылайды.
Қазақстандағы есептен малданып отырған 2–3 про-
цент сауаттыларымыздың көбі, оқу жұмысын, халық ағарту
жұмысын басқарып, жүргізіп отырған мұғалімдер.
Олай болған соң, жұртшылық ұстап қазақ мұғалімі
жұмысына дайын болуы, күндік тәжірибені ойластырып,
одан материалдарын жинап мамандығын арттыра беруге
жұртшылық алдында, тұрмыс алдында міндетті.
V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 3, 1925 ж.
Қызылорда.
Достарыңызбен бөлісу: |