215
ІІІ.
ТОЛСТОЙДАН
1. Қасқыр мен аңшылар.
2. Екі кісі.
3. Кісі мен ат.
4. Екі ат.
5. Балта мен ара.
6. Ит пен аспазшы.
7. Қоян мен тазы.
8. Емен мен жаңғақ.
9. Жұмыртқа басқан тауық пен балапандар.
10. Ерлі-қатынды бөдене.
11. Сиыр мен теке.
12. Түлкінің құйрығы.
IV.
Күн
V.
Магнит
VI.
Қасқыр баласын қалай баулиды?
VII.
Сезім
мен көз
216
І
ЭЗОПТАН
1. Көк кептер мен құмырсқа
Су ішем деп құмырсқа өзен келді. Су толқыны әкетіп, суға
кетіп құмырсқа барады. Бір бұтақты алып ұшып, өзен өтіп бара
жатып, көк кептер, суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көрді,
бұтақты құмырсқаның алдына, өзенге тастай берді. Құмырсқа
бұтаққа мініп судан аман шықты.
Көк кептерді ұстап алуға аңшы тұзақ құрды. Аңдып отырып,
көк кептер тұзаққа түскенде, тұзақтың тиегін тартып қалам де-
генде жорғалап келіп құмырсқа аңшының аяғын шағып алды.
«Ойбай!» деп аңшы тиектен айрылып қалды. Көк кептер жып
етіп ұшып кетті.
2. Бүркіт пен тасбақа
Аспанға ұшуды маған үйретші деп, тасбақа бүркітке жалын-
ды. «Жезді ер – тұғым сиырға жараспас,
сен көкке ұшпай-ақ
қой», – деді. Кенедей жабысып, қайыршыдай қадалып, тасбақа
сұранып болмады, бүркіттің мазасын алды.
Тасбақаны алып
шырқап аспанға бүркіт шықты да, босатып қоя берді. Аспаннан
тасқа түсіп
тасбақа быт-шыт болды, өлді.
3. Күзен
Ұстаның дүкеніне күзен кіріп,
егеуін тауып алып,
жалап-
жалап алды. Тілінен қан ақты. Қан тәп -тәтті. Темірден шыққан
қан ғой деп, күзен қуанып үсті-үстіне жалай берді. Өстіп күзен
тілінен айрылды.
Достарыңызбен бөлісу: