19
демек Ә. Бөкейхан Ленинград университетіне 1925–1927 жыл-
дары профессор болған. Оның алдында, 1922–1928 жылдары,
СССР Кіндік баспасы басқармасының төрағасы болып отырған
Н. Төреқұлұлы [№№ 19, 20-суреттер]
19
И. Сталиннің тапсырысы-
мен Ә. Бөкейханды өзінің қоластына қызметке алады.
Назар аудара кететін бір қызықты жайт: 1917 жылғы Ақпан
төңкерісінің қарсаңында, бұл І-інші дүниежүзілік соғыстың
қайнап тұрған кезі, Нәзір Батыс майданның тылын қамтамасыз
ететін Земгорсоюз ұйымының Ә. Бөкейхан ашып басқарған
Бұратана бөлімінде, ұлт көсемінің қоластында қызмет етеді.
Алаш көсемі Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комис-
сары болып тағайындалған соң Н. Төреқұлұлы енді Торғайдан
бір-ақ шығады. Демек, ол облыс комиссарының аппаратын-
да қызмет істесе ғажап емес. Арада 5 жылдай өтіп ол енді ұлт
көсемін қызметке алады. Тағдыр тәлкегі немесе тағдыр мазағы
деген осы-ау, сірә!
Елағасының Кіндік баспада атқарған қызметі туралы 1927
жы лы жазылған ресми пікірде оның қай уақытта қандай
қызметке алынғаны нақты көрсетілген:
«
Гр. А. Н. Букейханов служил с 14 декабря 1922 г. по 1 ок-
Достарыңызбен бөлісу: