Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


қаншалықты ықпал еткенін мен білмеймін, бірақ білетінім



Pdf көрінісі
бет18/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150
қаншалықты ықпал еткенін мен білмеймін, бірақ білетінім: 
Бөкейханов ықпал ете алатын».
Ә. Бөкейхан өзінің Мәскеудегі өмірі мен қызметіне көңілі то-
лып, елге оралуға онша асығып-саспағандай көрінуі де ғажап 
емес. Алайда, кешегі СССР КГБ-сы мен бүгінгі Ресей Федералдық 
қауіпсіздік қызметі мұрағаттарынан табылған тарихи құжаттар 
мұндай көзқарасты түбегейлі теріске шығарады. Ол құжаттарға 
қарағанда, Қыр баласы – елағасы елге біржола оралудың 
барлық айла-амалын іздеп баққанға ұқсайды. Мысалға, оның 
1925 жылдың 2 қазанында Мәскеуден жолдаған төменгі хатына 
назар аударайық:
«Т[оварищ]. Али!
Ты от имени Казнаркомзема напиши мне бумагу с при-
глашением в Кзыл-Орду к 15 октября. На основании этой 
бумаги я поставлю перед ЦИЗ
 
вопрос об освобождении
Без такого основания ЦИЗ [ЦентрИЗдат] меня не отпу-
скает. А так я буду освобожден, вопреки его желания. И, 
таким образом, наши взаимоотношения определятся, тем 
более, что задерживать меня и для меня и для него нет не-
обходимости.
Если напишешь такую бумажку, то пошли ее мне через 
Смагула [Садуакасов]».
Хаттағы «Т. Али!» деген Қазақстанның сол кездегі жер 
жөніндегі халық комиссары Әлиасқар Әлібеков екені сөзсіз. 
Бірақ «жолдас Әлидің» ұлт көсемі сұраған «қағазын», яғни 
жер бойынша халық комиссариатына қызметке шақыратын 
құжатты жазып жіберген-жібермегені туралы мәлімет жоқ. 
Сол 1925 жылы қызметінен кеткен Ә. Әлібеков тиісті қағазға қол 


34
қойып үлгермеуі де ғажап емес.
51
Оның есесіне 1929 жылдың 6 
шілдесінде Алматыда НВКД тергеушілеріне берген жауабын-
да С. Қаратілеуұлы «Бөкейхановты жер бойынша халық ко-
миссариатына қызметке шақыру туралы әңгіме болғанын» 
растайды.
Ресейдің әлеуметтік-саяси тарих мұрағатында (РГАСПИ) 
сақталған И. Сталиннің 2 жеделхаты Алаш көсемінің елге 
оралуға жан салғанын алдыңғы жәдігерлерден де артық 
дәлелдейді. Ф. Голощекин мен Н. Нұрмақұлына жолданған 
құпия 
жеделхаттың 
қолжазба 
нұсқасын 
[№ 4-сурет

И. Сталиннің өз қолымен жазып, қолтаңбасын қойғаны айдай 
анық, екіншісі – мәшенкемен терілген нұсқасы [№ 5-сурет]:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет