Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


тября 1927 г. литературным сотрудником Казакской сек-



Pdf көрінісі
бет11/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

тября 1927 г. литературным сотрудником Казакской сек-
ции Центрального Издательства Народов С.С.С.Р. в Мо-
скве» [№ 21-сурет].
Мемлекет қайраткері – автономия төрағасы, ұлт көсемі, 
елағасы деген барша жұрт мойындаған биік мәртебесі бар 
Ә. Бөкейхан жаңа қызметін өзіне лайық көрмей, менменсіп, 
немқұрайды қараған жоқ па? – деген сұрақ туары да заңды. 
Оның әдеби немесе ғылыми қызметкер деген жұмысын қандай 
көңіл-күймен қабылдағанын болжап-топшылап жатпай-ақ, 
1923 жылдың маусым-шілдесінде Мәскеуден Дінше Әбілұлына 
жазған шағын хатынан айқын байқауға болады:
19 Нәзір Төреқұлұлы (1892–1937) – мемлекет және қоғам қайраткері, пу-
блицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат.


20
«Москва. Воздвиженка.
Б[ольшой]. Кисловский переулок,
дом 4, квартира [№] 15.
Бауырым Дінше!
Хатыңды алдым. Қуанып қалдым. «Шолпанға»,
20
 
«Темірқазыққа»
21 
неге мақала жазбайсың? Сендей білімі 
бар жазбаса, кім жазады? Не балаларға сабақ беріп, не 
журналға, газетке мақала жазып Алашқа қызмет қылмасақ, 
не қазақ тілінде кітап жазбасақ, өзге жол бізге бөгеулі ғой!
Сүйдім, Әлихан».
22
Алаш көсемінің өз басы газет-журналға мақала, қазақ оқу 
мекемелерінің оқытушы-оқушыларына арналған кітаптар мен 
оқу құралдарын және оқыту әдістемелерін жазып, халқына 
қызмет етудің теңдессіз үлгі-өнегесін көрсетеді. Өзі алыс 
Мәскеуде тұрса да, оның Қыр баласы, сирек те болса Ғ. Б. не-
месе V деген таңбамен қол қойған мақаласы, қайсыбір көркем 
шығармаға не әдеби және т. б. аудармаға жазған пікірі, зерттеуі, 
ашық хаты және т. б. туындысы жарық көрмеген мерзімді қазақ 
баспасөзін ұшырату қиын еді.
Ә. Бөкейхан Кіндік баспаның Қазақ бөліміндегі әдебиетші 
қызметін 1923 жылы қазақ тілінде мектеп оқушыларына 
арналған «Темірқазық» журналын шығарудан бастады десе 
қате болмайды. Дінше інісіне «Шолпанға», «Темірқазыққа» 
неге мақала жазбайсың? – деп кейігендей болып жай жазба-
20 «Шолпан» – Түркістан АССР-і ОАК-нің білім, әдебиет, шаруашылық, 
саяси журналы. Тұңғыш саны 1922 жылы қазанда Ташкенттен жарыққа 
шықты. Журналда көптеген ғылыми маңызды мақалалар жарық көрді. Бірақ 
оның жеке мақалаларында буржуазиялық-ұлтшылдық қате тұжырымдарға 
жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8 саны шыққаннан 
кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды.
21 «Темірқазық» журналы – 1923 жылы Мәскеуде Кіндік баспадан 
шығып, 1–3 санынан кейін «Шолпан» журналымен бір уақытта тоқтатылды.
22 Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы – Избранное. – Алматы: Қазақ энци-
клопедиясы, 1995 ж. 398 бет.


21
са керек, «Темірқазық» журналының Кіндік баспадан шыққан 
алғашқы үш санын да Қыр баласы өз материалдарымен тол-
тырды. Оның ішінде Әубәкір (Әбубәкір) Диваев жазып алып 
1922 жылы Ташкенттен басып шығарған «Мырза Едіге», «Ба-
тыр Бекет» жырларына жазған пікірлері,
23
В. Короленко мен 
Н. Маркстің балаларға арналған әңгімелерінің аудармалары,
24
«Луи Пастер», «Білім күші», «Хахас» атты мақалалары және 
т. б. Алайда, Алаш көсемінің «Темірқазығы» 2–3 сандары 
қосылып шыққан соң, әзірге беймәлім себеппен тоқтатылады. 
Мәскеуде журнал шығаруын қанағат тұтпай, елағасы Ташкент-
тен шығатын «Ақ жол» газеті мен оған қосымша ретінде шыға 
бастаған «Сәуле» журналына 1923 жылы 10-даған мақаласы мен 
әдеби аудармасын жариялайды.
Оған қоса А. Байтұрсынұлы жазып алып өңдеген «Ер Са йын» 
жыры
25
мен «Ер Тарғын» эпосының В. Радлов көшіріп алған 
нұсқасын
26
алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазып, өңдеп жеке-
жеке кітап етіп басып шығарады. В. Короленконың «Макардың 
түсі» әңгімесін қазақшалап бастырады. Л. Толстойдың әйгілі 
«Қажымұрат» повесін тәржімелеп, үзінділерін 1923 жылы «Ақ 
жол» газетіне ұсынады.
27
Осы газетте Қыр баласы тегі ирланд, 
ағылшын жазушысы, ақын, эстет әрі философ Оскар Уайльдтың 
«Жұлдыз бала» әңгімесін ана тілінде жариялады.
28
23 Қыр баласы. Бекет батыр (Ә. Диваев. 1922 ж. Ташкент.); Қыр баласы. 
Мырза Едіге (Ә. Диваев. 1922 ж. Ташкент.). Рецензия. //«Темірқазық» журн.,
№ 1, 1923 ж., 34, 35-беттер. Мәскеу.
24 Маркс, Н. А. Герейдің ажалы. «Қырым сөздерінен» аударған Қыр ба-
ласы. //«Темірқазық» журналы, № 1, 1923 ж., 23-бет.; Шырақ (В. Г. Короленко-
дан). Қазақшаға аударған Қыр баласы. //«Темірқазық» журналы, 1923, № 2–3, 
103 бет; Маркс, Н. А. Пайғамбарға хат («Ескі Қырым сөздерінен»). Аударған 
– Қыр баласы //«Темірқазық» журналы, № 2–3, 1923 ж., 104–106-беттер. Мәскеу.
25 Қыр баласы, Байтұрсынұлы Ахмет. Ер Сайын. //СССР халықтарының 
Кіндік баспасы [ЦИН СССР], 1923 ж. Мәскеу.
26 Радлов, В. В. Ер Тарғын (Алғысөзін, ғылыми түсініктерін жазып, 
өңдеп баспаға әзірлеген Қыр баласы). //СССР халықтарының Кіндік баспасы 
[ЦИН СССР], 1923 ж. Мәскеу.
27 Толстой, Л. Н. Қажы-Мұрат (ауд. Қыр баласы). //«Ақ жол» газ.,
№№ 377, 378. 1923 ж. Ташкент.
28 Маркс, Н. А. Жұлдыз бала («Ескі Қырым сөздерінен»). Ауд. Қыр бала-
сы. //«Ақ жол» газ., №№ 381–384, 1923 ж. Ташкент.


22
Міне бұл Қыр баласы – елағасының Мәскеудегі Кіндік бас-
пада қызмет еткен алғашқы 1923 жылы ғана атқарған ісі бола-
тын. 1924 жылғы шығармашылығы одан бір кем емес-ті. Оның 
ішінде «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» жырының В. Радлов жазып 
алған үлгісін алғысөзі мен түсініктерін жазып, өңдеп басып 
шығарса,
29
Л. Толстойдың «Қажымұратын»,
30
әйгілі француз 
астрономы Камиль Фламмарионның «Астрономия әліпбиін»
31
мектеп оқушыларына арнап қазақшалап жеке-жеке кітап 
қылып шығарады. «Ақ жол» газеті мен «Сәуле» журналына 
орыс классиктерінен Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, сондай-ақ 
Н. Маркс пен Жириковтің, Алтайдың түркітілдес халықтары 
мен монғолдың және француз классигі Ги де Мопассанның 
балаларға арналған шағын көркем әңгімелерін қазақшалап жа-
риялады. «Қосшы» газеті мен «Жас қазақ» және «Жас қайрат» 
журналдарынан халқына жолдаған ашық хаттары, үндеулері, 
пікірлері, мақалалары жарық көрді.
Ә. Бөкейханның көркем аудармаларының ішінен «Қажы-
мұрат» повесінің аударылып, кітап болып шығуының өзіндік 
хикаясы бар көрінеді. Райымжан Әзіханұлы Бөкейхановтың 
Мәскеуде ағасының өз аузынан естіген әңгімесіне қарағанда
повесті аударып болып, баспаға берерден бұрын Қыр бала-
сы кітапты оның бас кейіпкері – Қажымұраттың портретімен 
беруді ойлайды да, Мәскеуде өзіне жақсы таныс бір суретшіні 
тауып алып, оны Қажымұраттың шығармада сипатталған 
бейнесі бойынша суретін салып беруге көндіреді. Повесті 
Л. Толстойдың өзі алғаш басып шығарғанда, кітапта бас 
кейіпкердің портреті не суреті болмаған. Қыр баласының ау-
дармасы Қажымұраттың суретімен басылып шығады.
Қыр баласының «Ақ жол» мен «Қосшы» газеттерінде жарық 
көрген «Білімге жалынған жұрт орман-бағын қалай қориды?», 
29 Радлов, В. В. Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу. (Алғысөзін, ғылыми 
түсініктерін жазып, өңдеп баспаға әзірлеген Қыр баласы). //СССР 
халықтарының Кіндік бас пасы [ЦИН СССР], 1924 ж. Мәскеу.
30 Толстой, Л. Н. Қажы-Мұрат (аударған Қыр баласы). //СССР 
халықтарының Кіндік баспасы [ЦИН СССР], 1924 ж. Мәскеу.
31 Фламмарион, К. Астрономия әліпбиі (қазақшалаған Қыр баласы). //
СССР халықтарының Кіндік баспасы [ЦИН СССР], 1924 ж. Мәскеу.


23
«Үлгі алыңдар!» және «Тозған егістікке жоңышқа салсаң, бидай 
жақсы өседі» сынды мақалалары да елең еткізбей қоймайды. 
Туған елі мен даласынан 3–4 мың шақырым қиырда жүрсе 
де, елінің бүгіні мен ертеңін ойлаған Қыр баласы, мысалға, 
бірінші мақаласында алма, өрік бақтарын, жалпы егістікті зи-
янкес жәндіктерден қорғауда білім мен ғылым күшіне сүйенген 
Солтүстік Америка фермерлерінің жемісті тәжірибесін 
жан-жақты сипаттай келіп, туған халқын сол тәжірибемен 
қарулануға үндейді. «Калифорния аймағында өрікке бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет