бит түсіп, бір жылда 1 миллиард 690 миллион 600 мың сом залал келтірген. Бұған қарсы бір бурыл қоңыз тапқан, осы қоңыздың арқасында өрік бәледен құтылып, бақ иесі адамдар шығыннан құтылған», – дей келіп, Қыр баласы өз
еліндегі егінін, бау-бағын зиянкестерден қорғай алмаған қазақ
шаруасының дәрменсіздігін өкінішпен былай суреттейді: –
Біздің Түркістанда да бақ бар. Онда да өрік, мейіз, алма- ны жеп жұтатын жауы бар. Америка әдісін қылып, онан бағын қорғаған адам жоқ. Бұл бізде білім жоқтығы. Өрік, мейіз гүлдемей қалса, құдайға, шайтанға жаланы жаба салып жүре береміз, «қап!» деп отыра береміз. Біздің Түркістанның, Қазақстанның егінінің жұты шегіртке, тарақ құйрық тышқан. Шегірткенің жұты қараала торғай, тарақ құйрықтың жұты – күзен. Қараала торғай әсіресе қораға үйір болады, балапанын адам баласы салған ұяда өсіріп ұшырады, адамға үйір болады. Шегірткеге келсе, жер соғып отырып қаламыз, қараала торғайды асырамаймыз. Міне бір адасқандық. Күзен бұл болды деп, күз болды – күзенді қырып саламыз... Егінді тарақ құйрық жеп, жер соғып отырамыз».
32
«Үлгі алыңдар!» мақаласында Даниядағы төрт түлік мал, үй
құсы иелерінің кооперативке бірігіп, сүт-май, ет, жұмыртқа
және т. б. мал шаруашылығы өнімдерін заманының ең үздік тех-
никасы мен технологиясын және химиялық тыңайтқыштарын
қолдана отырып өндіріп, басқа елдерге экспортқа сатып,
32 Қ. Б. Мәскеуден хат. Білімге жалынған жұрт орман-бағын қалай
қориды?//«Ақ жол» газеті, 02.XI.1924, № 499.
24
байлыққа кенеліп отырғанын ісінен үлгі алуға шақырады.
Ә. Бөкейхан былай деп жазады: «Мұнан 40 жыл бұрын Да- ния біз секілді малын тірідей базарға сататын еді. Осы күні