Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


(1900-інші жылы) мал соятын 29 кәператибі бар. 1899-ыншы



Pdf көрінісі
бет13/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

(1900-інші жылы) мал соятын 29 кәператибі бар. 1899-ыншы 
жылы бұлар 17 миллион сомға ет сатқан. Осы ет сататын 
кәператипке 96 мың үй кірген. Бір үйге ет сатқаннан кірген 
ақша 304 сом болған. Бұл кәператип мүшелерінің бір 
жылғы еткен кірісі».
Қыр баласының мәліметі бойынша, сарымай мен еттен басқа 
мал бағып, үй құсын асыраған Дания елі жұмыртқа өндірісін 
кооператив арқылы көтеріп, өнімін Еуропаның өзге елдеріне 
экспорттап сатқан. Сонау баста бұл кооперативті ашуға ау-
ыл-ауылда бала оқытып жүрген Боргенсен мен Миллер 2 дін 
қызметкері (мақалада «молда») мұрындық болыпты. «Әуелі 
кәператип мүшелері аз болса да, – деп ойын жалғастырады 
Қыр баласы, – 5 жыл ішінде 269 кәператип ашылып, 
мүшелері 20 мыңға жетіп, бір жылда Англияға 1 миллион-
нан артық жұмыртқа сатады. Кәператипке кіргендер үй 
басына жұмыртқадан 46 сом кіргізеді».
Қыр баласының мәлімдеуінше, Еуропада бұқара халық 
күнделікті қажетінен артық қаражат тапса, «сақтық серіктігіне» 
немесе банкке салып сақтайды. Мақала авторының пікірінше, 
банкке жиналған ақша көлеміне қарай қай ел мен халықтың 
қаншалықты бай екені байқалады. Мақаласында Қыр баласы 
келтірген мәліметтерге қарағанда, бүкіл Батыс Еуропада банкте 
ақша ұстаған азаматтарының саны жағынан Дания Еуропаның 
ірі елдерінен ат басы алда келеді:
– Данияда – 46 адам,
– Германияда – 26 адам,
– Франсияда – 29 адам,
– Ресейде – 3 адам.
Қыр баласының мәліметіне сәйкес, банкте ақша ұстаған 
әрбір азаматының үлесіндегі ақша көлемі жағынан тағы да 
Дания – Ресейді айтпағанда, Германия мен Францияны артта 
қалдырыпты:


25
– Данияда – 139 сом,
– Германияда – 69 сом,
– Франсияда – 41 сом,
– Ресейде – 7сом.
Ресей мұжығынан Дания мұжығы 19 жарым есе бай, – деп 
мәлімдейді Қыр баласы. Өйткені, «Ресей мұжығы олақ егінші, 
Дания мұжығы шебер малшы келеді». Бар гәп егін салғанда, 
мал баққанда ғана емес, – деп есептейді мақала авторы, – егін 
сал, мал бақ, кен қаз, бірақ – шебер бол!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет