40
ды; жақын туысы Мәнерхан Шолақұлы – 1933 жылы айдалып,
хабар-ошарсыз кетеді; тағы бір туысы Қожайхан Мәтханұлы –
айдаудан әскерге шақырылып, із-түссіз жоғалады...
Туған-тумаларының осындай қайғы-қасіретінен хабары
болды ма, жоқ па – белгісіз. Әйтсе де қара уайымға салынбай,
Алматыдағы тергеуден Мәскеуге оралысымен, азап лагерлеріне
Мәскеу арқылы айдалған үзеңгілестерін теміржол бекетінде
күтіп алып, оларға шамасы келгенше азық-түлік, жылы киім-
кешек, қалам-қағаз ұстатып жіберу қамымен болып, ізінше
оларды босатып алудың бар айла-амалына мықтап кіріседі.
«Жазасын» Карелия түбегі мен Архангельск облысындағы
өлім лагерлерінде өтеп жүрген Мағжан Жұмабайұлы 1934
жылы М. Горький мен оның әйелі – Халықаралық Қызыл Крест
ұйымы комиссиясында қызмет істеген Е. Пешковаға хат жа-
зыпты деген мәлімет бос дақпырт, миф. Әрине, жазса жазған
да болар. Алайда ол хат лагерь басшылығынан, НКВД-ның
тезісінен өтпес, лагерден бір адым аттап шықпас еді. Алаш
қайраткерлерінен бостандықта жалғыз қалған да, үзеңгілестерін
босату үшін Е. Пешкованы араға салған да Ә. Бөкейхан бола-
тын. Шамамен 1935–1938 жылдары Мәскеуде тұрған Жихан-
ша және Халел Досмұхамедұлдарын есепке алмаса да болады.
Өйткені ол екеуі 1929–1935 жылдары «Алашорда ұлтшылдық
ұйымының ісі» бойынша сотталып, айдауда болып қайтқан-
ды. Ж. Досмұхамедұлының 1938 жылы НКВД тергеушілеріне
берген жауабына қарағанда, олар айдаудан қайтқаннан кейін
қит етуге қорқатын болған: «
В разное время как до ссылки,
Достарыңызбен бөлісу: