Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


әңгіме айтуға шебер, әзілқой, сықақшы



Pdf көрінісі
бет24/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150
әңгіме айтуға шебер, әзілқой, сықақшы» дегенді қосады.
61
61 31 стр. протокола допроса от 02.06.1938 г. – Там же: стр. 246.


43
Ж. Досмұхамедұлының айтуынша, 1935–1937 жылдары 
Мәскеуде Х. Досмұхамедұлы, М. Есболұлы, Ә. Мұңайтпасұлы, 
М. Бұралқыұлы, М. Мырзаұлы (Мурзин) сынды Алашорда 
үкіметіндегі бұрынғы үзеңгілестері тұрған, сондай-ақ Санжар 
Аспандиярұлы, өзімен бірге І Мемлекеттік Думаға депутат 
болған А. Қалмеңұлы, С. Ақайұлы және т .б. Мәскеуге келіп-
кетіп тұрған. Олардың ең алдымен елағасымен амандасып 
көрісуге асыққаны – айтпаса да түсінікті-ау деймін.
Ә. Бөкейханның «мәскеу кезеңінен» бүгінге аман жеткен тағы 
2 хат бар. Бірі В. Бонч-Бруевичтің 1934 жылы 27 ақпанда Алаш 
көсеміне жолдаған хаты [№ 32-сурет]. Ол кезде Бонч-Бруевич 
[№№ 33, 34 суреттер]
«дүние жүзі еңбеккерлерінің көсемі» 
В. Лениннің жақын сыбайласы, көркем әдебиет, сын және 
публицистиканың Орталық мұражайының директоры бола-
тын. Хаттың мәтініне тоқталмаймын, оны суреттен оқуға бола-
ды. Ал екіншісі – 1934 жылдың 17 қазанында Ә. Бөкейханның 
ГУЛАГ-тан Алматыға оралған А. Байтұрсынұлы мен 
Е. Омарұлына жазған хаты. Хатты белгілі түрколог ғалым Ал-
тай Аманжолов әкесі Сәрсен Аманжоловтың жеке қорынан 
кездейсоқ табады. Бұл хаттың мәтінінен автордың ғылыми 
ізденістерін, оның ішінде, сонау 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі 
«Қазақтың тарихы» мақалаларында берген уәдесін
62
ұмытпай, 
қолы саясаттан босаған кезде Алты Алашы мен елінің тари-
хын жазуға тиянақты кіріскенге ұқсайды. Алайда ұлт көсемінің 
1930-жылдары жазған еңбектерінің қолжазбалары сақталмады. 
Олар 1937 жылдың шілдесінде тұтқындалып, пәтерін астан-
кестенін шығарып тінтудің нәтижесінде хаттары, фотосуреттері 
және т. б. дүние-мүлкімен бірге тәркіленсе керек [№ 35-су-
рет]
. Алайда, 1991 жылдың тамыз айында (1991 жылдың 19–
21 тамызындағы белгілі «ГКЧП» деген бүліктің ізінше) осы 
жолдардың авторы Мәскеуде СССР КГБ-сына Ә. Бөкейханның 
ісінен кезінде тәркіленген қолжазба, хаттар және т. б. дүние-
мүлкін сұрап жазған өтінішіне – сол жылдың қыркүйегінде бер-
ген жауабында мынадай бір-ақ жол болды: «Бөкейхановтың 
62 Түрік баласы. Қазақтың тарихы. Сөз басы. //«Қазақ» газ., №№ 2, 3, 5, 7, 
1913 ж. Самар.


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет