Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


әрбір сапары Қазақстандағы төңкеріске қарсы белсенді іс-



Pdf көрінісі
бет20/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150
әрбір сапары Қазақстандағы төңкеріске қарсы белсенді іс-
әрекетімен ұласты» («Каждая его поездка вы Казахстан со-
провождалась активацией им контрреволюционной рабо-
ты в Казахстане») делінеді.
53 Бөкейхан С. Әлекеңнің өмірі. //«Жұлдыз», журн., № 3, 1996 г, 102–125 
стр. 
54 Өтениязұлы С. Арманда өткен Әлкей ата. //«Қазақ тарихы» журн.,
№ 2 1994 г. 16–17 стр. 


36
Ал енді бастапқы тақырыпқа оралсам, И. Сталиннің 1927 
жылы 17 мамырда жолдаған осы сұрауына Ф. Голощекин 
мен Н. Нұрмақұлының берген жауап хаттары не жеделхатта-
ры әзірше табылмады. Оның есесіне келесі тарихи құжаттар 
Н. Нұрмақұлының Алаш көсемін «қамқорлығына» алып 
жұмысқа орналастырмақ болған И. Сталиннің алдын орап 
кеткенін бұлтартпай айғақтайды. Мысалға, «Қазақ АССР-ның 
жер бойынша халық комиссарының (халком) істерін уақытша 
атқарушы» Бөкейхановтың қолы қойылып, халық комиссар-
лары кеңесіне (ХКК), яғни Н. Нұрмақұлына жолданған хат – 
Алаш көсемінің кеш дегенде 1927 жылдың шілдесінде халық 
комиссариатында кемінде комиссардың орынбасары сынды 
жауапты қызметте отырғанын байқатады. Өйткені хаттың 
мәтініне үңілсек, Бөкейханов «халком істерін халық комис-
сары істерін Сұлтанбековтің
55
Мәскеуде болуына байла-
нысты уақытша атқаратынын» түсіндіріп, «сол жылдың 
6 шілдесінде Мәскеуге жүруіне және халком міндетін 
уақытша атқаруды комиссариаттың алқа мүшесі жол-
дас Әлімбаевқа жүктеуге рұқсат сұрайды». Хатта жылы 
көрсетілмеген, бірақ нақ 1927 жылдың шілдесінде жазылғаны 
келесі құжаттармен расталады.
Атап айтқанда, ҚазССР Ішкі істер министрлігінің Орталық 
мемлекеттік мұрағатынан Мәскеуге НКВД-ға берілген анықтама 
Бөкейхановтың Мәскеуге барып, Бүкілресейлік Орталық 
атқару комитетінің жер мәселелері бойынша комитетінің 
мәжілістеріне қатысқанын толық растайды. Анықтамада мына-
дай мәлімет беріледі:
1/ «в материалах фонда «Народный комиссариат земледе-
лия Казахской АССР» в «протоколе заседания рабочей комис-
сии по выработке норм земельного обеспечения по Казахской 
АССР, выработанных на основании Положения о сплошном 
землеустройстве Казахской АССР» от 2–3/VIIІ-1927 г. проходит 
Букейханов, как представитель Казахской АССР»;
55 Сұлтанбековтің Қазақстанның жер халық комиссары болғанын рас-
тайтын мұрағаттық дерек жоқ. 1937–1938 жж. жаппай репрессияға ұшыраған 
Сұлтанбековтер көп, қай Сұлтанбеков туралы сөз болып отырғанын анықтау 
мүмкін болмай тұр.


37
2/ «В «протоколе заседания президиума Федерального коми-
тета по земельному делу при президиуме ВЦИК от 24/ VIIІ-1927 
года проходит Букейханов, как представитель Казахстана».
56
«Қазақ АССР-ның жер бойынша халық комиссариаты» 
қорына жататын тағы бір құжат бар: ол – Сырдария губернелік 
жер басқармасына (Сыр-Дарьинского ГЗУ) 1927 жылы жерге 
орнықтыру жөніндегі Орталық жер басқармасының бастығы 
(Нач. Центр. Упр. Зем-ства – Начальник Центрального Управ-
ления Землеустройства) Бөкейханов қол қойып жіберген хат.
57
Хатта жылы көрсетілген де, қай айдың қай күнінде жазылып 
жіберілгені жұмбақ болып қалды. Сол себепті Бөкейхановтың 
Орталық жер басқармасы бастығы қызметінде Мәскеуге дейін 
не кейін отырғанын кесіп айту мүмкін емес. Қазақстанның жер 
бойынша халкомында Бөкейхановтың қай жылға дейін қызмет 
атқарғаны және нендей себеппен қызметтен кеткені де әзірше 
жұмбақ болып отыр.
Десе де туған еліндегі қызметінен не себеппен кеткенін 
және оны И. Сталиннің «батасынсыз», Қазақ өлкелік партия 
комитетінің хатшысы Ф. Голощекиннің келісімінсіз, жалпақ 
тілмен айтқанда – екі бірдей басшысының басынан аттап 
Қазақстанға шақырып алып қызметке орналастырған Қазақстан 
ХКК-нің төрағасы Н. Нұрмақұлы мен ХКК мүшелерінің өз бас-
тарын қатерге тіккенін 1937 жылдың 25 қыркүйегінде Бутырка-
да 2 ай отырған Алаш көсеміне тағылған ресми айыптаманың 
мына жолдарынан айдан анық байқаймыз: «В 1927 году, буду-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет