219
атшыға: «Сен мені шын жақсы қылам десең, сұлымды ұрлап
сатпа» депті.
12. Арыстан мен бақа
Бақаның зор дауысын естіп: «Дауысы осынша зор, бақа бір
зор жануар-ау?» деп, арыстан ойлайды. Арыстан аз тоқтап
тұрып еді, шалшықтан бақа шыға келді. Арыстан аяғымен
бақаны аңдамай басып қалып, бырш еткізіп өлтіріп тастады.
Сонда арыстан: «Қарарға түк емес, дауысынан мен шошып
кеттім», деді.
13. Құмырсқа мен инелік
Жиған бидайына күзді күні су тиіп, құмырсқа бидайды
кептірді, құмырсқадан аш инелік тамақ сұрады. «Жазды күні
сен өзің неге тамақ жиып алмадың?» деп, құмырсқа сұрады.
«Өлең айтып қолым тимеді» деп, инелік жауап берді. Сонда
құмырсқа күліп: « Жазды күні ән салсаң, қысты күні биле» деді.
Достарыңызбен бөлісу: