Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет85/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

21. Түлкі мен теке
Теке шөлдеп, құдыққа түсіп сусындады. Меске су толып 
қап, қарғып өрге қайта шығалмады. Апанның ішінде тұрып 
маңырады, бажылдады.
Текені түлкі көріп: «Ой, ақымақ! Сақалыңдай басыңда миың 
болса, құдыққа түспес бұрын қайта шығуды ойлар едің» деді.
22. Ит пен сурет
Өзеншік суда көпір қылып көлделең тастаған бақан, аузы-
на ет тістеп бір ит осы бақанмен жүрді. Төмен қарап, суда өзін 
көрді. Бөтен ит ет алып барады екен деп, ана иттің етін тартып 
алмақ болып, аузын ашып ана итке тап берді, алам деген ет жоқ 
болып кетті, өз еті суға түсіп, оны толқын ағызып кетті.
23. Тырна мен аист
Егінге түстің деп, бір кісі тырнаға тұзақ құрды. Тырналар 
тұзаққа түсті. Бұлармен бірге тұзаққа бір аист түсті.
«Сен мені қоя бер; мен тырна емеспін, аистпын, біз құстың 
ішіндегі ең құрметтісіміз, мен сенің әкең қорасында тұрам, 
жүніме қарасаң, көрініп тұр, мен тырна емеспін» деп, Аист 
тілді безеді.
Сонда кісі: «Тырнамен бірге ұстадым, тырнамен бірге соям», 
– деді.
24. Бақшашы мен балалар
Бақша бағу ісіне балаларын бақшашы үйретпек болды. 
Өлерде балаларын шақырып алып, мынаны айтты: «Мен өлген 
соң бақшадағы тығулы қойманы, балалар, іздеңдер!» деді.
Әкесі өлген соң балалар бақшадан қойма қарап, бақшаны 
астын үстіне шығарып қазып тастады. Қойма табылмады. 


222
Бақшаны жақсылап күректеген соң, жеміс көп шығатын 
болды.
25. Қасқыр мен тырна
Қасқыр сүйекке қақалып, сүйекті тамағынан алып тастай ал-
мады. Тырнаны шақырып алып: – Қане, тырна, сенің мойның 
ұзын, менің тамағымнан сүйекті ал, мен сені сыйлаймын, – деді.
Басын қасқырдың тамағына тығып жіберіп, тырна сүйекті 
суырып алды да: – Қане, сыйың? – деді.
Қатты ашуланып, тісін сақылдатып қасқыр тырнаға ақырды.
– Басың аузымда тұрғанда, тістеп жұлып алмадым, бұ саған 
аз олжа ма? – деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет