Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет82/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

4. Арыстан мен тышқан
Ұйықтаған арыстан үстімен тышқан жорғалады. Арыстан 
оянып, тышқанды ұстап алды. «Мені босат! Мен де саған рақым 


217
қылармын» деп, тышқан арыстанға жалынды. «Тышқан маған 
қандай рақым қылар екен?» деп, арыстан күліп тышқанды бо-
сатып қоя берді.
Арыстанды ұстап алып, арқанмен ағашқа аңшылар байлап 
тастады, арыстанның өкірген дауысын тышқан естіп, жүгіріп, 
келіп, арқанды тісімен қиып тастады. «Білесің бе? Тышқаннан 
маған қандай рақым болар екен деп күлгеніңді, тышқаннан 
рақым болғанын білдің бе? Жақсылықты тышқан да төлей 
біледі» деп, тышқан көпірді.
5. Өтірікші
«Қасқыр! Қасқыр!» деп, бала айғай салды. Тас талақан болды. 
Ауылдан жүгірісіп қойға барса, түк қасқыр жоқ: қойшы өтірік 
айғайлаған. Тағы екі-үш қайтара қойшы өтірік айғайлады, ау-
ылды алдады. Бір күні қасқыр қойға шапты: «Мұнда! Мұнда! 
Қасқыр! Қасқыр!» деп, қойшы айғай салды.
Ауылдан адам бармады. Қасқыр қолы босады: қоралы қойды 
қасқыр қырып кетті.
6. Ат пен есек
Бір кісінің бір ат, бір есегі болды. Ат пен есекке жүк артып 
иесі жолға жүрді. «Менің жүгім ауыр, мен алып жүре алатын 
емеспін, меннен біраз жүк алып, мойнымды босатшы!» деп атқа 
есек жалынды. Есек тілегін ат тыңдамады. Жығылып жүк астын-
да есек өлді, есектің жүгін, терісін бай атқа артты. Бұ енді атқа 
қиын болды. «Менен сорлы, менен құл кім бар?» деп, ат жы-
лады, зарлады: «Кішкентай жүк алып болыс дегенді тыңдамай, 
есектің бар жүгін, терісін өзіме артқыздым» – деп, ат өкінді.
7. Ұзақ пен көк кептер
Тамаққа көк кептер сыйлайтынды бір ұзақ анық білді. Көк 
кептердей қылып үстін ағартып алып, ортасына көк кептер 
жетіп барды. Ұзақты көк кептерлер әуелі танымады: өздерінің 


218
бірі деді де ортаға алды. Ұмытып ұзақ ұзақша дауыстап қойды. 
Көк кептерлер біліп – ұзақты түтіп қуып жіберді. Ұзақ қашып 
ұзақтарға барды. Бұлар да ақ ұзақтан қорқып, қашқынды қуып 
тастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет