Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет94/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

59. Пері мен меруерт
Бір кісі қайықпен кетіп бара жатып, қымбат меруертін суға 
түсіріп алды. Кісі қайтып жерге түсті, шелек алып теңіздің суын 
үш күн, үш түн төкті.
Төртінші күні теңізден пері шығып:
– Суды сен неге төгесің? – деп, сұрады.
– Мен меруерт жоғалттым, сонан соң теңізді төгіп жатыр-
мын, – деді.
– Енді қашан тоқтайсың? – деп пері сұрады.
– Теңізді тауысып құрғатқанда тоқтаймын, – деді.
Пері қайтып теңіз барып, жоғалтқан меруертті алып келіп 
кісіге берді.
60. Соқыр мен сүт
Туа соқыр бір кісі:
– Сүт қандай? – деп көзі бардан сұрады.
– Сүт аппақ, қағаздай.
– Е, онда сүттің түрі қағаздай, қолда сыбдырлай ма? – деп 
соқыр сұрады.
– Жоқ, сүттің түрі аппақ ұндай.
– О, аппақ түр ұндай жұмсақ, майда, ұндай төгіле ме? – деп 
соқыр сұрады.
– Жоқ, құр ақ, аппақ қояндай.
– О, аппақ түрі қояндай сипағанда қолға сүйкімді ме? – деп, 
соқыр сұрады.
– Жоқ, аппақ түрі қардай.


235
– Е, о түрі қардай суық па? – деп соқыр сұрады.
Көзі бар ақ түрді қанша мысалдаса да, сүттің қандай ақ 
екенін соқыр ұқпады.
61. Қасқыр мен садақ
Бір мерген садақ алып аңға барып, таутекені атып алып
арқалап келе жатып, арлан шошқаны көрді. Таутекені тастай 
беріп, арлан шошқаны садақпен басып қалды. Жаралы шошқа 
тап беріп, мергенді жарып жіберіп, со жерде өзі де өлді. Қанның 
исімен таутеке, шошқа, кісі, садақ жатқан жерге қасқыр келді.
– Енді мен көпке дейін тоқ боламын, – деп қасқыр қуанды. – 
Түк қалдырмай бәрін бірақ жемеймін, үнем қыламын, аз-аздан 
талшықтап жеймін, – деп тәртіп қолданды. – Әуелі қаттыны 
жеп, тәтті жұмсақты артынан айдаймын, – деді.
Қасқыр таутекені, мергенді, шошқаны иіскелеп: – Бұлар тәтті, 
жұмсақ, мұны соңыра жермін, алдымен мынаны жейінші, – 
деп тісті садақтың қатып қалған қайысына салды. Қайысты сан-
далдай қайшы қанжардың омырауына алды. Қасқыр қайысты 
қиып жібергенде, садақ жазыла кетіп, қасқырды қарнынан са-
лып қалды. Қасқыр сол арада өлді.
Иісімен өзге қасқырлар келіп, мергенді, таутекені, шошқаны 
жеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет