Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет97/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

ІІІ.
ТОЛСТОЙДАН
66. Қасқыр мен аңшылар
Қасқыр қой жеді. Аңшылар қасқырды ұстап алып ұрды. 
«Мені неге ұрасыңдар? Менің жазам – қасқырлығым. Мені 
қасқыр қылған құдай» – деп, қасқыр дауласты. Аңшылар: 
«Қасқырды қасқыр деп ұрмайды, қой жеген соң ұрады» деді.
67. Екі кісі
Шанаға мініп екі кісі қарсы келе жатып, ілінісіп қалды. «Мен 
қалаға асығып барам! Жолды босат!» деп, біреуі айғай сал-
ды. «Мен асығып үйіме барам! Жолды босат!» деп екінші кісі 
ақырды.
Дауласып со арада екеуі көп тұрды. Бұларды көріп
көлденеңінен келген көк атты: «Екеуің де асықсаң, аттарыңды 
кейін шегіндіріңдер» деді.
68. Кісі мен ат
Атына сұлы алуға бір кісі қалаға жүрді. Ауылдан шыға бере 
ат үйге қайта бұрылды. Қамшымен атты иесі тартып, тартып 
жіберді. Ат жүріп кетті. «Ақымақ, мені қайда айдап барады. 
Үйге қайтсақ қандай жақсы болар еді» деп, ат ойлады. Қалаға 
таянғанда жол батпақ болды. Ат иесі тас төсеген жолға бұрылды. 
Аяғын ат бұл жолға баспады. Шаужайға қағып, қамшымен атты 
салып-салып жіберді. Ат жүріп кетті. «Мені тасты жолға салды, 


240
мұнда аяғым ұлуып, тұяғым сынады, табаным ауырады» деп, ат 
ойлады.
Кісі базардан сұлы сатып алып, үйге қайтты. Келген соң 
атқа сұлы берді. Сұлыны ат жеп тұрып: «Адам баласы қандай 
ақымақ! Бірақ бізден ақылдымын деп, мақтанады. Ақылы біздің 
ақылымыздан ана құрлым аз. Неменеге менің ием азаптанды? 
Қаңғып мені қуып қала барды, қайтты. Қанша сандалғанмен 
бәрі бір үйге қайттық. Тентіремей үйде отырған артық емес 
пе? Өзі от басында рахаттанатын еді, мен де сұлы жеп тұратын 
едім» деп ат ойлады.
69. Екі ат
Екі ат екі жүк алып келе жатты. Алдыңғы ат тоқтамай 
жүріп келеді. Соңғы ат тоқтай-тоқтай келеді. Мұнан жүк алып 
алдыңғы атқа бірте-бірте сала берді: жүктің бәрін алып алдыңғы 
атқа салған соң, соңғы ат босанып алып: «Азаптан, терле! Елге-
зек болсаң, азаптың бәрін саған тартқызады» деді.
Кешке қонатын жерге келді. «Екі атқа жем беріп, бір атқа 
жүк артқанша, бір атты жақсылап күтейін, ананы сойып терісін 
алайын» деп, қонған жерде ат иесі ойлады. Шабан атын сойып 
терісін алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет