238
Тоқ па? Аш па? Суыққа тоңды ма? – деп сорлайсың да жүресің.
Бір жаққа бөлек ұшып жарың кетсе, не болды? –
деп ойлап
әуре-сарсаң боласың. Қаршыға көзін шұқып жатыр ма? Ба-
лалар ұстап алды ма? – деп, іздеп өзің ұша жөнелесің, сөйтіп
қаңғып жүріп, не қаршығаға, не тұзаққа кез келесің. Жарың
жоғалса, жарың өлсе дүние түкке тұрмай кетеді. Енді дүниеде
сүйікті еш нәрсе болмайды. Түк жемей, түк ішпей іздейсің де
жылайсың. Қанша көк кептер осыдан өлді? Жамандықтың бәрі
аштықтан емес, махаббаттан, – деп көк кептер шешілді.
– Жоқ, жамандық аштықтан да, махаббаттан да емес.
Жамандық түбі жаман мінез. Біз тату жүрсек, қастық ойламасақ,
кеңшіл
болмасақ, үйірімізге жақсы болар еді. Бір нәрсе өзің
ойлағандай болмаса, ашуланасың, дүние көзіңе түк құрлы
көрінбейді. Көзіңе не түссе, бәрін жек көресің. Ойлағаның –
біреуден кек алмақ, біреуді шақпақ болып ысқырып, пыз деп,
иіріліп жүргенде, ашуланып өзіңді өзің ұмытып кетесің, ешкімді
аямайсың: әке-шешең тұрса, шағасың. Өзіңді өзің жегің келіп
тұрады. Өлгенге дейін ашуланасың. Дүниеде жамандықтың
бәрі қара жүрек жаман мінезден, – деп жамандық иесі жылан
соқты.
– Жоқ, дүниеде жамандық аштықтан да емес, махаббаттан
да емес, жаман мінезден де емес, қорыққаннан. Қорықпайтын
болса, дүниеге жақсылық жауғандай болар еді. Аяғымыз
жүргенде желмен таласады. Қуаты көп, мықты жаудан қашып
құтыласың, әлсізден сүзіп құтыласың. Бірақ, қорықпасқа бол-
майды. Сырт
етіп бір бұтақ сынып кетсе, бір жапырақ сыл-
дыраса, қорқып селк етіп кетесің, жүрегің тас төбеңе шығады
– ұшып жөнелесің. Қоян жүгіріп келе жатса, құс талпынса,
бұтақ сынса, жау келіп қалды ғой, –
деп тұра жөнелесің, дәл
жаудың өзіне жүгіріп келесің. О болмаса, иттен қашып жүгіріп
аңшыға соқтығасың... Қорқып жүгіріп жөнелесің. Қайда қашып
бара жатқаныңды білмейсің, құзға шығып кетіп құлап өлесің...
Ұйықтағанда да бір көзіңмен ғана ұйықтайсың, тыңдап жатасың
... бәрі қорыққанның азабы. ... Тыныштық бізде жоқ. Жамандық
қорқақтықтан, – деп момын бұғы сөйледі.
– Жоқ, жамандық аштықтан да емес, махаббаттан да емес,
жаман мінезден де емес, қорқақтықтан да емес,
біздің көріп
239
жүрген азабымыздың бәрі, жамандықтың бәрі біздің тәнімізден:
аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық – бәрі тәнге байла-
улы. Аштық, махаббат, жаман мінез, қорқақтық бәрі тәннен
өсіп-өнеді, тән асырап өсірген балапаны. Жамандық жатағы
тән, – деп ақжүрек ақсақал әңгімені байлады.
Достарыңызбен бөлісу: