Матасудың осы қызметі, әсіресе бастауыш-баяндауыш ретінде құралған тұлғаны сөйлемге сыйыстыру үстінде көрінеді. Оспанның келгеніне қуандым.Бұл сөйлемнің құрамына Оспанның келгеніне үйірлі мүше ретінде кірігіп тұр. Сөздер бастапқыда предикативтік қатынаста тұрған: Оспан келді (келген). Осы сөйлем ретінде тіркес екінші сөйлемге сыйыстырылғанда, предикативтік қатынас бұзылып, сөздер өзара матасып байланысады. Оспан келген – Оспанның келгеніне (қуанды). Осы ретпен сыйысқан компоненттер мына сөйлемде де бар.
Матасудың осы қызметі, әсіресе бастауыш-баяндауыш ретінде құралған тұлғаны сөйлемге сыйыстыру үстінде көрінеді. Оспанның келгеніне қуандым. Бұл сөйлемнің құрамына Оспанның келгеніне үйірлі мүше ретінде кірігіп тұр. Сөздер бастапқыда предикативтік қатынаста тұрған: Оспан келді (келген). Осы сөйлем ретінде тіркес екінші сөйлемге сыйыстырылғанда, предикативтік қатынас бұзылып, сөздер өзара матасып байланысады. Оспан келген – Оспанның келгеніне (қуанды). Осы ретпен сыйысқан компоненттер мына сөйлемде де бар.
Ақ боз ат, көк боз аттардың көрінуіне әлі алты ай барын, олар қырын туса, аспан шытырлайтынын көріпкелше баян етті (Т. Әлімқұлов).
Предикативтік байланысты матасу амалы атаулы сөйлем құрамында да өз мойнына жүктейді.
Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді. Бұл сөз тіркесінде бағыңқы сөзі барыс септік формасында меңгеріліп, зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді.
Бағыңқы компонент болып субстантивтенген есімше жұмсалғанда да осы қатынас білдіріледі: сыйлағанға құл, келгенге рахмет, келмегенге салауат.
Беретін мағынасы жалпы қатыстық болғандықтан меңгеру амалы арқылы құрылған зат есімді сөз тіркестері матаса құрылған сөз тіркестерімен синонимдес келіп, қатар жұмсала береді; колхозға мүше - колхоздың мүшесі, силағанға құл-сыйлағанның құлы т.т.