Сан есім сөз бен зат есім қабысу амалы арқылы сөз тіркесін құрғанда, олар өзара анықтауыштық қатынасқа түседі. Бағыңқы компонент ретінде енген сан есім сөз заттың сандық сынын, сапасын білдіреді. Тіркеске сан есімнің жинақтық деп аталатын түрінен басқасы түгел (есептік, бөлшкетік) қатыса алады: екі концерт, екінші қатар.
Көп жағдайда сан есім сөздер килограмм, метр, тонна, жасар, күндік деген сияқты сөздермен бірігіп тіркеске бір компонент ретінде қатынасады: үш метр мата.
Сан есім сөздер мен зат есім сөздердің тіркесуі олардың семантикасына ғана байланысты. Сандық өлшемге түсетін затты білдіретін есім сөздердің барлығы сан есім сөздерді бағыңқы компонент ретінде тіркесіне ала береді. Зат есім сандық өлшемге түспейтін затты, құбылысты білдірсе, онда ол сан есіммен тіркеспейді. «Сан есім-зат есім» типті тіркеске сөздердің кірігуін бағдарлайтын басқа стильдік норма жоқ.