Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің бір затқа ұқсастығын атап анықтайды: бота көз , пісте мұрын, алма мойын.
Бағыңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың көлем, топ ретіндегі мөлшерін атайды: үйір жылқы, қора қой, құшақ шөп, шелек қымыз.
Зат есімді сөз тіркестері
«Зат есім – зат есім» түрінде келген сөз тіркестері мүмкіншілігі, перспективасы тұрғысынан қарағанда, белгілі мағыналық қатысына қарай қай зат есім болса да қатыстырып құрала береді. Бірақ тіліміздің әр кезеңінде, тіпті осы күнгі синхрондық күйінде де әр стильде бұл типтегі тіркестерге сөздердің қатысуының өлшеулі нормалық дәстүрлік қалпы бар екені байқалады. Көп қыз-келіншек нөкерімен... Қарагөз келе жатыр (М.Ә.) Тау жақ жолмен жүрдік.
Аталған сөйлемдердегі қыз-келіншек нөкерімен, тау жақ жолмен деген тіркестер ауызекі сөйлеу тілінің сөзді жинақы,үнемі құрау талабынан туған. Бұлар жазбаша тілде көп қыз-келіншектен ерген нөкерімен, тау жақтағы жолмен түрінде құралған болар еді.
Екі зат есімнің қабысуы арқылы құралған сөз тіркестері көнеден келе жатқан, тіліміздің грамматикалық жүйесіне икемділік беретін тіркестер, сондықтан бұлар тілімізде мол жұмсалады.
Кейбір еңбектерде атрибутивтік тіркестерге анықтауыш сөз ретінде зат есім сөздің кіруін былай түсіндіреді. Атрибутивтік қатынастағы тіркестер үнді-еуропа тілдерінде бағынынқы компонент ретінде сын есім сөздердің қатысуы арқырылы құралады. Атрибутивтік қызмет ол тілдерде тек белгілі ғана морфологиялық базаға – сын есім сөздерге сүйенеді: железная дорога,чайная ложка.
Зат есімді сөз тіркестері
«Зат есім-зат есім» тіпті тіркестер қазақ тілінде атауыш сөз туғызу үшін көп жұмсалады: безбүйрек, иін ағаш, темір ұста.
Осыған орай газет тілінде жиі ұшырап жүрген мынадай жайды ескеріп кетейік. Ертеден қой қора, қой ферма, жүн мата деген атауыш сөздер бар болатын. Осы атаулар газеттерде соңғы кезеңдерде қой қорасы, қой фермасы, жүн матасы болып айтылып (жазылып) жүр. Осымен бірге жүк машинасы, газ құбыры,су құбыры (жүк машина, газ құбыры, су құбыры емес) деген сияқты атаулар да көп ұшырайды. Осында айтайын дегеніміз дәстүрлі, әрі атауыш сөз құрауға жатық, оңтайлы тіркесті шеткері шығарып, оған сенімсіз қарап байланысы морфологиялық тұлға арқылы көрінетін тіркес түріне ауысқанымыз дұрыс па? Тіліміздің ертеден келе жатқан тәжірибесіне қарасақ, (атау септіктегі зат есім-тәуелдеулі зат есім) типті тіркестерден атау сөз құрау жоқ емес: отағасы (от ағасы), киік оты, ат бегі, ауа райы.