Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Параллелометр және параллелометрия. Қаңқаның суретін салу



бет18/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
вопросы ООС 2 курс каз

Параллелометр және параллелометрия. Қаңқаның суретін салу.

Параллелометр — тіс мүсініндегі тістердің орналасу параллелдігін анықтауға арналған құрылым. Аттачмендерді дәл орнатуға қолданылады. Оның көмегімен тістерде тіректік бөлік пен ұстап тұрушы бөліктерді бөліп тұратын аралық сызық сызылады. Параллелометр жақ үлгілерінде тістердің барынша дөңестігін (выпуклость) анықтауға, екі немесе одан да көп тістердің немесе жақтың басқа бөліктерінің беттерінің салыстырмалы параллельділігін анықтауға арналған аспап болып табылады.

Параллелометрдің қызметі:


• Тіс протездерін сызу
• Ғаныш мүсіндерді өлшеу мен белгілеу
• Ретенция деңгейін өлшеу, ретенциялық аймақты өлшеп тексеруге мүмкіндік береді
Параллелометрия - протезді енгізу және шығару жолын, сондай-ақ барлық тірек тістерге ортақ, оған қатысты тірек ұсталатын кламмердің элементтері орналасатын аралық сызықты параллелометр көмегімен анықтайды.
Тағайындалуы: доғалы протездерге. Доғалы протездерді енгізу және шығару жолын анықтау үшін.
Енгізу жолдары – протездің кламмерлерінің және басқа да элементтерінің тіректік тістерімен жанасуынан бастап, протез негізінің орнына дейінгі қозғалысты айтамыз.
Шешу жолы – протездің кері бағыттағы қозғалысын, яғни пртоез негізін шырышты қабықтан және тіректік тістерден байланысын үзуі.
Параллелометрия әдістері: 1) Еркін әдіс, Новак әдісі, Таңдау әдісі
1) ЕРКІН ӘДІС. Тірек тістердің саны аз болғанда, тіс остері параллельді болғанда және қарапайым құрылымды доғалы протез жасауда параллелометрияның еркін әдісін қолануға болады. Бұл әдісті жүргізудің мәні былай –параллелометрдың шарнирлі тақтайшасына модельді тәс қатарыгың окклюзиялық беті параллелометрдің графит стерженінің осіне перпендикуляр болатындай етіп орналастырады. Графит стерженьды әрбір тірек тіске тигізіп оның периметрін сызамыз. Сол сызық бойынша кламмер орналасуы тиіс. Тіс сауытының үстіңгі бөлігіне кламмердің оккюзиондық тағаны мен кламмер иығы орналасады, төмеңгі жағына кламмердің ретенциялық иығы орналасады.

2) ТІРЕК ТІСТЕРДІҢ ҰЗЫН ОСТЕРІНІҢ ОРТАША ҚИСАЮ БҰРЫШЫН АНЫҚТАУ ӘДІСІ (НОВАК ӘДІСІ)


Новак модельді шарнирлі үстелге металл штифті қолдану арқылы орнатады. Тірек тістердің шайнау беткейіне олардың осі бағытында жабысқақ балауызбен ұзындығы 5 см металл штифті жапсырады, одан кейін карандашпен модельдің бүйір және артқы беткейіне тістердің осін түсіреді. Модельдің бүйір беткейінде оның негізіне паралелль тірек тістердің осінің вертикальды сызықтарына дейін бір біріне мүмкіндігінше алшақ қашықтықтаекі сызық түзіледі. Алынған бөлшектерді теңдей екіге бөледі. Бұндай биссектрисалар модельдің ортасына проволка немесе сіріңке (спичка) жапсыратын орынның ориентирі олып табылады.
Модельді шарнирлі үстелшеге бекітеді де, оның қисюын өзгертеді, ортасында жапсырылған проволка параллель болғанша. Үстелшені винтпен бекітеді. Қысқыш винттарды түсіреді, модельді босатады, ыстық сумен жабысқақ балауызды және тіске бекіткен штифты шайып өтеді. Модельді қайта үстелшеге орнатырып оын бекітеді және грифельмен тірек тістерге ортақ экваторлық сызығын сызады. Бұлай модельді орналастыру практикада кең қолданылады.
3) ТАҢДАУ ӘДІСІ.

Модельді параллелометр үстелінде нығайтады. Содан кейін үстел модельдегі тістердің оклюзиялық беті анализды стерженге перпендикуляр болатындай етіп орнатылады (нулевой наклон – нолдік қисаю). Соңғысын әр тірек тісіне кезек бойынша апарады және тіректік және ұстап тұрушы аймақтарының бар жоғын ғ көлемін анықтайды. Бір немесе бірнеше тістерде кламмер элементтерінің орналасуы үшін жақсы жағдайлар, ал басқаларында нашар болуы мүмкін. Сонда модель басқа бұрышымен қисаюына тиіс. Бірнеше мүмкін болатын қисаюдың ішінен барлық тірек тістерінде ең жақсы ұстап тұру аймағын қамтамасыз ететінді таңдап алады. Диагностикалық стерженьмен салыстырмалы түрде үлгінің тұрған бұрышын өзгерте отырып, орталық сызықты, окклюзиялық және қызыл иектік аймақ көлемін өзгертуге болады. Сол арқылы ретенцияны ұлғайтып, кламмерлердің орналасу сапасын жақсартуға болады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет