Кондиционер тіс кіреукесін өндеу үшін (кондиционерлеу немесе уландыру) (егер кейін химиялық жолымен қатаятын композит қолданатын болса) немесе тіс кіреукесі мен дентинді өндеу үшін (егер кейін сәуле әсерінен қатаятын композит қолданатын болса) қолданылады.
Қышқылдың тіс кіреукесіне әсер еткен кезде, оның беткейіндегі қалындығы 10 мкм (микрон) қабаты жойылады және тереңдігі 5-50 мкм дейін ұсақ тесіктері (орысша – «поралар») пайда болады, сонымен қатар тіс кіреукесінің деминерализациясы (кіреуке призмаларының жартылай еруі), призмааралық заттың жойылуы байқалады. Тіс кіреукесі кеуекті, беті микробұдырлы болып, кейін адгезивпен жақсы қосылады (адгезив оның ұсақ тесіктеріне оңай енеді). Осы жағдайда пайда болған кіреуке-композит байланысы өте мықты болып келеді (орташа шамамен 20 МПа (мегапаскаль) дейін (салыстыру үшін – кіреукенің дентинге адгезия күші 20-22 МПа дейін жетеді).
Қышқылмен уландырылған
(кондиционермен өнделген)
«ара ұяшықтары» түріндей тіс кіреукесінің көрінісі
Қышқылдың дентинге әсер еткен кезде «майланған» немесе «майлы» қабат жойылады.
Майланған қабат тісті егеп-тазалаған кезде дентиннің бетінде пайда болады. Ол гидроксиапатит кристаллдардан, дентиннің коллаген талшықтарының қалдықтарынан, микроағзаларынан тұрады және ол дентин түтікшелерінің ішіне 2-5 мкм-ға дейін еніп, оларды жауып тұрады. Қышқылдың әсерінен дентин түтікшелері ашылады, коллаген талшықтары жалаңаштанады.
Дентиннің майланған қабатының
схемалық көрінісі
Дентинді кондиционермен өндеу
Адгезивтің өзі (меншікті адгезив)
Адгезиялық жүйелерді ойлап тапқан кезде бастапқыда адгезивтің өздері немесе кіреуке адгезивтері шығарылған. Бұл заттардың негізін толтырылмаған немесе әлсіз толтырылған шайырлар құрайды, басқаша айтқанда тұтқырлығы төмен мономерлері (диметакрилаттар). Бұл гидрофобты заттар, олар су қатысуынсыз қатаяды, уландырылған тіс кіреукесіне жақсы жабысады, себебі тіс кіреукесінде су өте аз болады. Сонымен, меншікті адгезивтер композиттердің тіс кіреукесіне мықты адгезия қамтамасыз етеді. Олардың құрамына толтырылмаған немесе әлсіз толтырылған шайырлардан басқа, толтырғыштар, еріткіш заттар, полимеризация инициаторлары, стабилизаторлар кіреді.
Алғышқыда пломбалық материалдың (композиттің) дентинге адгезиясы кіреукеге қарағанда қиын мәселе болған, себебі кіреукелік адгезивтерінің дентинге жабыспайтыны дәлелденген. Бұл жағдай дентин түтікшелеріне тіс ұлпасынан сұйықтықтың түсетіндіктен дентиннің беті әрдайым дымқыл болуына байланысты. Дентин бетіне кіреукелік гидрофобты адгезивтерін апарған кезде «дебондинг» немесе материалдың және дентиннің байланысының үзілуі байқалады, бұл жағдай тістің постоперациялық жоғары сезімталдығына және тіс ұлпасы өзгерістердің пайда болуына әкеледі.
Бұл мәселе – дымқыл дентин мен гидрофобты пломбалық материалды (адгезивті) байланыстыру – молекулалық салмағы аз гидрофилді мономерлерді («НЕМА», «PENTA») шығарғаннан кейін шешілді. Бұл мономерлерді, сонымен қатар еріткіш заттарды (спирттің немесе ацетонның сулы ерітінділер) және эластомерлерді қолдануымен