Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері


Композиттің дентинмен қосылу аймағы. Композиттің дентинмен адгезиясы. Гибридтік қабатының пайда болуы



бет5/10
Дата03.12.2023
өлшемі5,86 Mb.
#133084
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция Адгез.сист. каз

Композиттің дентинмен қосылу аймағы. Композиттің дентинмен адгезиясы. Гибридтік қабатының пайда болуы
  • Адгезиялық жүйелерінің қолдану әдістемесі
  • (4-5-ші буынды адгезиялық жүйелері мысалдары бойынша)
  •  
  • Адгезиялық жүйелер тісжегі қуысын пломбалауға дайындаудан кейін, яғни тісжегі қуысын егеп-тазаладаудан және медикаментозды өндеуден кейін қолданылады.
  • 4-5-ші буынды адгезиялық жүйелері тістің қатты тіндерінің тоталды (толығымен, толықтай) (яғни тіс кіреукесі мен дентинді) уландыруды талап етеді.
  • 4-ші буынды адгезиялық жүйелерінің қолдану техникасы 3-қадамнан (кезеңнен) тұрады:
  • 1-ші кезең. Тісжегі қуысын уландыру (орысша - протравливание). Тіс кіреукесі мен дентин бетіне уландырғыш гельді немесе сұйықтықты (ортофосфор қышқылы) апарады. Уландырғыш заттың ұсынылатын экспозициясы – кіреуке бетіне 30 сек., дентин бетіне – 15 сек.
  • Уландырудан кейін қуыс жуып-шайылады және ауамен жайлап кептіріледі. Гидроксиапатит кристаллдардың қышқыл әсерінің еру салдарынан тіс дентині өрілген коллаген талшықтарынан тұратын құрылымға айналады. Бұндай дентин мұқият қарауды талап етеді, себебі оның коллаген талшықтары бейорганикалық негізінен айырылған. Қуысқа қатты су немесе ауа ағысын жіберген кезде, дентиннің коллапсі, яғни коллаген талшықтарының дезориентациясы (бағытсыздану) және отыруы (орысша – «спадение») пайда болуы мүмкін («бір біріне жабысып қалған макарондар» эффектісі).
  • Сондықтан, су немесе ауа ағысын дентин беткейіне тікелей апармау үшін, оны тек тіс кіреукесіне қарай жіберіп тұру қажет. Бұл жағдайда тісжегі қуысына коллаген талшықтарының отыруына әкелмейтін шағылған су ағысы түседі. Тісжегі қуысын жуып-шыйғаннан кейін дентиннің шілтерлі құрылымының сақтап қалдыруы өте маңызды болып келеді, себебі кейін бұл жағдай адгезиялық жүйесі праймеріне дентин іші енуіне және сол жерде гибридтік зонаның (қабатының) пайда болуына мүмкіндік береді.
  • Уландыру нәтижесінде кіреуке беті микробұдырлы, құрғақ, күңгірт болып келеді, дентин бетіндегі майланған қабат ериді және толығымен жойылады, беткейлі дентин деминерализацияға ұшырайды, дентин түтікшелері ашылады, коллаген талшықтары жалаңаштанады. Ауамен кептіру барысында дентинді қатты кептірмеудің ескеру қажет - дентин беті сәл дымқыл, «жарқылдақ» болу керек, себебі кейін сумен жақсы әрекеттесетін праймердің еріткіш заттары (спирт немесе ацетон) праймердың дентин ішіне жақсы енуді қамтамасыз ету қажет.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет