Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері
Алғашқы пломбалық материалдарды шығарылғаннан кейін тіс тіндері және қойылған пломбаның арасында мықты байланыс жасау бойынша мәселе қойылған.
«Адгезия» термині (синонимы – бондинг) «adhaesio» латын сөзінен шыққан және «екі қатты немесе сұйықты әртекті денелерінің жабысу, желімдеп жапсыру» білдіреді.
Стоматологияда адгезияның бірнеше түрін ажыратады:
Механикалық. Бұл байланыс тіс тіндері мен минералды цементтердің арасында немесе тіс тіндері мен металлқұрамдас пломбалық материалдардың арасында пайда болады.
Химиялық. Бұл байланыс тіс тіндері мен поликарбоксилатты цементтің арасында немесе тіс тіндері мен шыныиономерлі цементтердің арасында пайда болады.
Микромеханикалық. Бұл байланыс тіс тіндері мен композициялық пломбалық материалдардың арасында пайда болады.
Композициялық пломбалық материалдар тістің қатты тіндеріне өзімен өзі жабыспайды, сондықтан тісжегі қуысының қабырғалары мен пломбалық материалдың арасындағы байланыс адгезиялық жүйелері арқылы жүзеге асырылады (олар композициялық пломбалық материалдың комплектсінде болады немесе бөлек сатылады).
Сондықтан композициялық пломбалық материалдармен пломбалау барысында адгезиялық жүйенің пайдалану міндетті кезең деп саналады.
Адгезиялық жүйе –бұл тіс тіндеріне пломбалық материалдың немесе цементтің бекіту мақсатында қатаң кезекетілікпен қолданылатын және тіс тіндері беткейлерінің өндеуді қамтамасыз ететін белгілі бір заттардың жиынтығы.