Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері



бет6/10
Дата03.12.2023
өлшемі5,86 Mb.
#133084
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция Адгез.сист. каз

2-ші кезең. Праймер жағу. Праймер уландырылған дентин бетіне апарылады (жағылады) және ол дентин ішіне ену үшін 15-20 сек күтеді. Кейбір фирма-өндірушілер праймер диффузиясын жақсарту үшін оны дентин бетіне аппликатордың көмегімен жеңіл «қыру» сияқты («скребущие») қимылмен жағуды үсынады.
  • Кейін дентинді сәл ауа ағысымен мұқият кептіру қажет, бұл кезде оның беті жылтыр болып көріну керек. Праймер ашылған дентин түтікшелеріне енеді, дентиннің беткейлік деминерализацияланған қабатына сіңеді және гибридты қабатты құрай отырып, жалаңаштанған коллаген талшықтарымен байланысады. Гибридты қабат – кіреуке және дентинде уландырудан және тістің қатты тіндеріне адгезиялық жүйесінің компоненттерін инфильтрациялап (енгізіп), толығымен полимеризациялаудан өткізгеннен кейін қалыптастырылатын құрылым.
  • 3-ші кезең. Адгезив жағу. Адгезив уландырылған және праймермен өнделген кіреуке мен дентин беткейіне жағылады. Жағылатын қабат қалын болмас үшін, жаққыш (кисточка) немесе ауа ағысын қолданылады. Полимеризация белсендірілген шамның сәуле арқылы жүзеге асырылады. Кейін тісжегі қуысын көпшілік қабылданған әдістемесі бойынша композитпен пломбалайды.
  • Композиттің тіс кіреукесіне және дентинге ең мықты адгезиясын 4-ші буынды адгезиялық жүйелер қамтамасыз етеді. Олар стоматологтарға ортақ танылу арқылы лайықты бағаланған және осы күнге дейін стоматологиялық адгезивтердің арасында «алтын стандарты» деп саналады. Олардың ең көп таралған өкілдері Pro Bond (Dentsply), OptiBond (Kerr) және т.б. Олардың жетіспеушіліктеріне көпкомпоненттігі, қолданудың күрделілігі және аппликациялау үшін ұзақ уақыты жатады.
  • 5-ші буынды адгезиялық жүйелері. Адгезиялық жүйелерінің әрі қарай дамытуы біркомпонентті, оңай қатаятын, араластыруды талап етпейтін байланыстырғыш агенттердің шығаруына әкелген. Олардың химиялық құрамы 4-ші буынды адгезиялық жүйелеріне ұқсас болып келеді, бірақ жаңа тұрақтандыру жүйесінің шығару арқасында праймер мен адгезивтің қасиеттерін бір сұйықтықта біріктіруге болды.
  • Бұл адгезиялық жүйелерінің клиникалық қолдану 4-ші буынды адгезиялы жүйелеріне ұқсас, айырмашылығы – уландырылған дентин беткейіне апарылған біркомпонентті жүйесінің бірінші порциясы праймердің қызметін, ал екіншісі – адгезивтің қызметін атқарады. Бұл жағдай адгезиялық жүйесінің клиникалық қолдануын жеңілдетеді және адгезиялық жүйесі бөтелкелерінің байқаусыз шатастырудан мүмкін болатын қателіктерді болдырмайды.
  • Осы біркомпонентті адгезиялық жүйелері 5-ші буынды адгезиялық жүйелері деп аталынады. Өкілдері - Prime & Bond 2.0, Prime & Bond 2.1 (Dentsply), One Step (Bisco), Single Bond (3M), Optibond Solo (Kerr) және т.б.
  • 4-ші буынды адгезиялық жүйелеріне қарағанда, 5-ші буынды адгезивтер қолдануда қарапайым, азырақ уақытты талап етеді, бірақ адгезиясының күші төменірек болып келеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет