Адгезиялық жүйенің құрамы Адгезиялық жүйе келесі заттардан тұрады: Адгезивтің өзі немесе меншікті адгезив (синонимдері – кіреуке адгезиві, бонд, адгезиялы агент, бондинг-агент) Тістің қатты тіндері беткейлерінің даярлайтын заттар: - Қышқыл немесе кондиционер
- Праймер (синонимі – дентиндік адгезив)
- Қолдануына байланысты адгезиялық жүйелерінің келесі түрлерін ажыратады:
- кіреукеге арналған (бұл жүйелер химиялық жолымен қатаятын композиттерде қолданылады және 2 компоненттен тұрады: адгезивтің өзінен және кондиционерден (праймері жоқ!)
- кіреуке мен дентинге бірге арналған (бұл жүйелер жарық әсерінен қатаятын композиттерінде қолданылады және барлық 3 компоненттен тұрады: адгезивтің өзінен, кондиционерден және праймерден)
-
- Құрамына байланысты адгезиялық жүйелерінің түрлері:
- біркомпонентті
- екікомпонентті
- көпкомпонентті
- Қатаюна байланысты адгезиялық жүйелерінің түрлері:
- Өз бетімен қатаятын
- Сәуле әсерінен қатаятын
- Екіжақты қатаятын
- Толтырғыштың көлеміне байланысты адгезиялық жүйелерінің түрлері:
- Толтырылған
- Толтырылмаған
- Егер адгезивтің құрамына қышқыл кіретін болса, адгезиялық жүйесі өз-уландыратын (самопротравливающая) деп аталады. Әдетте әр пломбалық материалға өз адгезиялық жүйесі шығарылады. Сонымен қатар, тіс кіреукесі мен дентинге композиттерді, компомерлерді, металлдарды, керамиканы жабыстыруын қамтамасыз ететін әмбебап адгезиялық жүйелері да бар.
-
- Кондиционер
- Кондиционер ретінде әдетте 37% ортофосфор қышқылы қолданылады. Бұл материалды сұйықтық немесе шприцтегі гель түрінде шығарады. қарай Гелдер өз консистенциясының салдарынан қолдануда қолайлы болып келеді, ал сұйықтықтар тістің қиын жететін жерлеріне (фиссуралар, ойықтар) жақсы енеді. Әдетте, кондиционерлерді әртүрлі түске бояп, шығарады (көк, жасыл) және бұл олардың тістің қатты тіндерінің беткейіндегі үлестірімінің бақылауын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |