Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері



бет4/10
Дата03.12.2023
өлшемі5,86 Mb.
#133084
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
праймерлер аталатын заттарды жасап шығарды. Праймерлер жақсы сулағыш қасиеттеріне ие және олар тістің дымқыл құрылымына оңай енеді. Сонымен, праймерлер (дентиндік адгезивтер) – тіс дентині мен композит арасындағы байланысын қамтамасыз ететін заттар.
  • Адгезиялық жүйе
  • Кондиционер
  • Праймер
  • Адгезив (меншікті адгезив)
  • Ғалымдар дентиндік адгезивтерінің бірнеше түрлерін жасап шығарған. Олар дентиндік адгезивтерінің буындары (орысша – «поколения дентинных адгезивов») деп аталады. Қазіргі кезде дентинді адгезивтерінің 7 буынын ажыратады, олардың дентинге бекітілу механизмдері және байланыс күштері әр түрлі болып келеді.
  • Қазіргі кезде стоматологиялық тәжірибеде жарық әсерінен қатаятын композиттерден пломбаларды қою кезінде адгезиялық жүйелерінің 4-5 буындары кең қолдануда.
  • Адгезиялық жүйелерінің 4-ші буынына кондиционер, праймер және меншікті адгезив, ал адгезиялық жүйелерінің 5-ші буынына – кондиционер және бір флакондағы (бөтелкедегі) праймер мен адгезиві кіреді.
  • Адгезиялық жүйелерінің 4-5-ші буынындарының ерекшелігі – қышқылдың (кондиционердің) пайдалануымен майланған қабатты еріту мен жойылуы және дентиннің беткейлік деминерализациясы арқылы композит пен дентиннің адгезиясы жүзеге асырылады.
  • Кондиционерден кейін дентинді праймермен өндеу - уландырылған коллаген талшықтарына, дентин түтікшелеріне праймердің енуін және ол қатайғаннан кейін гибридты қабаттың пайда болуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, праймер дентинді меншікті адгезивпен кейін байланысуына дайындайды және гибридты қабаттың пайда болуы арқылы дентиндік адгезивтің гидрофобты композитпен берік байланысуына жағдай жасайды. Гибридтік қабат композиттің сенімді бекітуін қамтамасыз етеді және тіс ұлпасы мен дентин түтікшелерінің ішіне микроағзаларының және химиялық заттардың енуіне қарсы тиімді қорғаныс кедергісі болып табылады.
  • Адгезиялық жүйе
  • Кондиционер
  • Праймер
  • Адгезив (меншікті адгезив)
  • 37% ортофосфор қышқылы
  • Гидрофилды қосылыстардың спиртпен немесе ацетонмен қоспасы
  • Толтырылмаған шайырлар
  • Кіреуке және дентиннің деминерализациясы
  • Композиттің кіреуке мен гибридтік қабатымен байланысу
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет