8.Тіс кіреукесін уландыру. Ортофосфор қышқылының 37% гелі немесе сұйықтығы кіреуке беткейіне апарылады. 30-60 сек-тан кейін (нұсқаулығы бойыша) ол мұқиятты түрде жуып-шайылады. Жуып-шаю уақыты уландыру уақытына сәйкес болуы тиіс.
9.Ауа ағысының көмегімен тісжегі қуысын кептіру.Мақта тампонды қолдану ұсынылмайды.
10.Кіреукелік адгезивті жағу. Кіреукелік адгезивтің екі компонентін 1:1 қатынаста араластырып, кейін кисточка немесе спонжтың көмегімен қуыстың жиектеріне, қабырғаларына, түбіне жағады және полимеризациясы толық аяқталғанша ауамен мұқият кептіреді.
12.Пломбаны өндеу және жылтырату.Пломба қатайғаннан 4-5 мин кейін жүзеге асырылады (немесе нұсқаулығы бойынша)
13.Тісті арнайы лакпен жабу.
Жарық әсерінен қатаятын композициялық пломбалық материалдармен пломбалау техникасы (кезеңдері)
(5-ші буынды адгезиялық жүйесімен қолдану)
1.Ауыз қуысының мамандырылған гигиенасы – тіс беткейін мұқият тазалау, тіс тасын, жұмсақ қағын алу. Бұл манипуляция щетка және фторсыз жылтыратқыш пасталардың көмегімен бормашинаның аз айналымында жүзеге асырылады (құрамында фторы бар пастаны қолданған кезде кіреуке минерализациясы және қышқылға төзімділігі күшейеді, кейін бұл жағдай уландыру уақытын ұзаруын талап етеді).
2. Пломбалық материалдың керек түсін таңдау.Пломба түсін күндізгі жарықта анықтайды, тіс сәл дымқыл болу керек. Бұл кезең материал комплектсіндегі түрлі-түсті шкаласы немесе тіс беткейіне жабыстырылып, жарықпен қатырылған композиттің кішкентай үлгісінің көмегімен жүзеге асырылады. Пломба түсін пациентпен бірге таңдау дұрыс болады.