Тісжегі қуысы туралы түсінік. Тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың негізгі қағидалары мен кезеңдері. Тісжегі қуыстарының орналасуына байланысты егеп-тазалау ерекшеліктері



бет9/10
Дата03.12.2023
өлшемі5,86 Mb.
#133084
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3.Жансыздандыру.
  • 4.Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
    • 5.Қуысты медикаментозды өндеу. Заманауи пломбалық материалдармен жұмыс істеу барысында, олардың полимеризация процесіне спирттің және оттегі мен хлордың белсенді қосылыстардың елеулі ықпал ететіндігін ескеру қажет. Сондықтан қуысты медикаментозды өндеу үшін су тегінің асқын тотығының және натрий гипохлоридінің, спирттік ерітінділерін қолдануға болмайды.
    • Заманауи пломбалық материалдармен жұмыс істеу кезінде оптималды препарат 0,05-2% хлоргексидиннің ер-сі болып табылады. Препарат кішкене мақта тампонның көмегімен тісжегі қуысының қабырғаларына және табанына апарылады (сүртіледі).
    • 6.Қуысты сілекейден ажыратқаннан кейін кептіру және майсыздандыру.
    • 7.Емдік және аралық төсемді салу (терең тісжегі кезінде). Емдік төсем тісжегі қуысының түбіне 0,5 мм-ден аспайтын қалындығымен салынады. Кейін емдік төсемнің үстіне аралық төсем қойылады. Қуыс қабырғалары аралық төсемімен жабылмайды, себебі кейін қабырғаларына адгезиялық жүйесі жағылады (бір флакондағы праймер мен адгезиві). Адгезиялық жүйе дентин түтікшелеріне еніп, оларды бітеп тастайды, сөйтіп тіс ұлпасына композиттің бос мономерлерінің енуіне жол бермей, ұлпа тітіркенуін болдырмауын қамтамасыз етеді.
    • Герметизацияның бұндай сапасы пломбалау үшін жаңа жағдай туғызады, дәлелдеп айтсақ, мыс., орта тісжегі кезінде аралық төсемді қолданбай-ақ композитті адгезивтің қатайған қабатына тікелей қоюға мүмкіндік береді.
    • ТЕРЕҢ ТІСЖЕГІНІ емдеу барысында қуыстың түбіне емдік төсем салынады, ОНЫҢ ҮСТІНЕ ҚУЫС ҚАБЫРҒАЛАРЫН ЖАППАЙ – аралық төсем қойылады.
    • 8.Кіреуке мен дентинді уландыру. Ортофосфор қышқылының 37% гелі немесе сұйықтығы қолдыналады. Уландырғыш гельдің экспозициясы: кіреуке беткейіне – 30 сек, дентин беткейіне – 15 сек. Сондықтан гельді алдымен кіреуке беткейіне апарылады, 15 сек-тан кейін гель дентин беткейіне жағылады (кіреукедегі гельді жумайды!). 15 сек-тан кейін гельді мұқият жуып-шаяды. Жуып-шаю барысында дентиннің коллапсын тудырмау үшін су ағысын кіреукеге қарай бағыттау керек. Жуып-шаю уақыты уландыру уақытына сәйкес болуы тиіс.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет