Химиялық жолмен қатаятын композициялық пломбалық материалдармен пломбалау техникасы (кезеңдері)
1.Ауыз қуысының мамандырылған гигиенасы – тіс беткейін мұқият тазалау, тіс тасын, жұмсақ қағын алу. Бұл манипуляция щетка және фторсыз жылтыратқыш пасталардың көмегімен бормашинаның аз айналымында жүзеге асырылады (құрамында фторы бар пастаны қолданған кезінде кіреуке минерализациясы және қышқылға төзімділігі күшейеді, кейін бұл жағдай уландыру уақыттың ұзаруын талап етеді).
2. Пломбалық материалдың керек түсін таңдау.Бұл кезең материал комплектсіндегі түрлі-түсті шкаласы көмегімен жүзеге асырылады.
3.Жансыздандыру.
4.Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
5.Қуысты медикаментозды өндеу. Заманауи пломбалық материалдармен жұмыс істеу барысында, олардың полимеризация процесіне спирттің және оттегі мен хлордың белсенді қосылыстардың елеулі ықпал ететіндігін ескеру қажет. Сондықтан қуысты медикаментозды өндеу үшін су тегінің асқын тотығының және натрий гипохлоридінің, спирттік ерітінділерін қолдануға болмайды.
Заманауи пломбалық материалдармен жұмыс істеу кезінде оптималды препарат 0,05-2% хлоргексидиннің ер-сі болып табылады. Препарат кішкене мақта тампонның көмегімен тісжегі қуысының қабырғаларына және табанына апарылады (сүртіледі).
7.Аралық төсемді салу (орта тісжегісі болса) немесе емдік және аралық төсемдерді салу (терең тісжегісі болса). Емдік төсем тісжегі қуысының түбіне 0,5 мм-ден аспайтын қалындығымен, ал аралық төсем – тісжегі қуысының қабырғалары мен түбіне кіреуке-дентин шекарасына дейін салынады.
Орта тісжегі(аралық төсем тісжегі қуысының қабырғалары мен түбіне кіреуке-дентин шекарасына дейін салынды)
Терең тісжегі (емдік және аралық төсем салынды. Емдік төсем қуыстың түбіне, ал аралық төсем тісжегі қуысының қабырғалары мен түбіне кіреуке-дентин шекарасына дейін салынды)