Проблеманышешуден кету, немесе қашу, шығын аз болып тұрған кезде конфликтіден шығу әрекеті болып табылады. Конфликт барысындағы осы тәріздес мінез-құлық стратегиясынан ерекшелігі сол, мұнда оппонент оған өз мүдделерін белсенді стратегиялардың көмегімен іске асыру әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін өтеді. Дұрысын айтқанда, әңгіме конфликтінің шешілуі жайында емес, оның сөнуі жайында болып отыр. Қашу қайшылықтарды шешу үшін күш пен уақыттың жоқтығы, уақыт ұтуға ұмтылу, өз мінез-құлық бағытын анықтауда қиындықтардың болуы, проблеманы мүлдем шешкісі келмеу кезінде қолданылады
Ынтымақтастық оппоненттердің конфликтідегі барлық жақтың мүдделерін қанағаттандыратын шешімді бірлесіп іздеуге бағдарланумен сипатталатын мінез-құлықтың ең тиімді, кооперативті стратегиясы. Оппоненттердің проблеманы конструктивті талқылауға бағыттылығын, екінші жаққа қарсылас ретінде емес, шешім іздеудегі одақтас ретінде қарауды шамалайды. Мынадай ситуациялар ең тиімді: оппоненттердің өзаратәуелділігі; күшті болғанда; екі жақ та биліктегі айырмашылықтарды елемеуге бейім болғанда; шешімнің екі жақ үшін де маңызды болғанында; қатысушылардың күні бұрын кесіп-пішіп қоймауы кезінде.
Басшы мен бағынушы арасындағы конфликтілерді шешуді зерттеу олардың үштен бір бөлігі ымыраға келумен аяқталатынын көрсетті. Осы конфликтілердің үштен екісі көнумен көбінесе бағынушының аяқталады. Конфликтілердің тек 1-2%-і ғана ынтымақтастық жолымен аяқталады.