Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»



бет119/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Стагнация (лат.stagno – қозғалмайтын етемін) – экономикадағы кері кету, өнідірістегі, саудадағы тоқырау, т.б. Өсудің нөлдік немесе мардымсыз қарқынынан, экономиканың өзгеріссіз құрылымынан, оның жаңа өнертабыстарға, ғылыми-техникалық прогреске бейімсіздігінен көрінеді. Стагнация жағдайы АҚШ-тың 1930 жылдардағы экономикасына, кеңес экономикасына, кеңес экономикасы үшін – 1970 жылдардың ортасы - 1980 жылдардың соңы тән.
61. Миграция (лат. migratio, migro – өтемін, көшемін) – орын ауыстыру, көшу, қоныс аудару.
62. Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толтыру; integer - бүтін) – жекелеген әрқилы бөлімдер мен атқаратын міндеттер жүйесінің біртұтас болып байланысу жағдайын, сонымен бірге сондай жағдайға әкелетін процесті (мысалы, ғылымдағы интеграция, экономикалық интеграция) сипаттайтын ұғым.
63. Диссидент – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өзшығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті немесе осылай істеуге мәжбүр болды.
64. Идеология – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін идеялар мен көзқарастар жүйесі.
65. Ғылыми - техникалық революция (ҒТР) – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету.
66. ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі, үкіметаралық ұйым. Өз қызметін 1946 жылы бастады.
67. Демократия (грек. «демос» - халық) – халықты биліктің қайнар көзі ретінде танитын, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымының формасы. Демократияның негізгі қағидалары: көпшіліктің билігі, азаматтардың тең құқылығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, заңның үстемдігі, биліктердің бөлінуі,өкілетті органдардың, мемлекет басшысының сайланып қойылуы.
68. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет