Тәркілеу (конфискация) – қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз-пұлсыз тартып алу.
40. Репрессия – мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
41. Жеке басқа табыну (культ личности) – КСРО-дағы И.В.Сталинге табыну ретінде қалыптасқан, тоталитарлық тәртіптің жеке билігі. Бір адамның рөлін дәріптеу, оған көзінің тірісінде тарихи дамудың барысына шешуші ықпал жасауды телу, жеке адамның елді алқалы басқаруды ауыстырып, демократияны жойып, диктаторлық тәртіп орнатуы.
42. Эвакуация (лат. тысқары жіберу) – қандай да бір қауіп төнген орындардан, шаруашылық аудандарынан адамдарды, кәсіпорындар мен мекемелерді, әскерді, әскери дүние - мүлікті алып кету.
43. Контрибуция – жеңімпаз мемлекеттің пайдасына жеңілген мемлекеттің соғыс шығындарын өтеуі; басып алынған жерлерде жаудың жергілікті халықтан материалдық құндылықтарды күшпен жинауы.
44. «Барбаросса жоспары» - фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық соғысы жоспарының құпия атауы.
45. Рабфак – 1919-1940 жылдары кеңестік елдегі жұмысшы, шаруа жастарын жоғарғы мектепте оқу үшін даярлайтын жұмысшы факультеті.
46. Коммуна – мүлік және еңбек бөлісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы.
47. Интернат – оқушылар оқитын және жататын, жартылай мемлекеттік қамқорлықтағы мектеп; оқу мекемесі жанындағы оқушыларға арналған мектеп.
48. Полигон – құрлықта немесе теңізде қарудың, әскери техниканың әрқилы түрлерін сынау, әскери жаттығулар жүргізуге арналған үлкен, арнайы жабдықталған жер учаскесі; ғылыми және басқа да сынақтар, тәжірибелер жүргізілетін орын.
49. Роман – күрделі және дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарма.
50. Репатриация – соғыс барысында Отанынан тыс жерлерде қалып қойған әскери тұтқындар мен бейбіт азаматтардың, эмигранттардың өз Отанына оралуы. Репатрианттар – репатриация бойынша Отанына оралғандар.
51.