Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш мектептегі басты міндеттерінің бірі оқушылардың ой – өрісін, іс – қимылын жан – жақты дамыту. Математиканы оқытуда есептердің алатын орны ерекше. Оны оқытудың негізгі мақсаты – математикалық есептердің белгілі бір жүйесін шешу. Әдістемесін балаларға игерту. Сондықтан есепті шешу – оқытудың мақсаты ғана емес, сондай – ақ құралы да. Оның қатарына пәнді оқытуда қарастырылатын әр алуан жаттығулар, мысалдар, логикалық тапсырмалар, яғни кез келген математикалық мазмұнды тапсырманы жатқызуға болады. Есепті шешу кезінде оның шартына немесе салдарына математикалық жалпы қағидаларды қолданудың реті анықталады.