Тобы: Пимно 2\3 казак Орындаған: Елемесова. Б. Ж тексерген: Имангалиева Н. Т «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» атты республикалық



бет3/10
Дата05.05.2023
өлшемі116,5 Kb.
#90239
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сабақтың дәйексөзімен жұмыс

Ұсыныстар: дәйексөзге«сүйіспеншілік»құндылығы көрініс беретін дәйексөзді таңдау керек. Дәйексөзбен жұмысты ұйымдастыру жүйесі жеке немесе топтық жұмыс ретінде, оны жұптық және топтық жұмыспен үйлестіруді қамтиды.
Төмендегідей тапсырмалар беруге болады:

  1. Дәйексөздің түйінді сөздерін анықтаңыздар.

  2. Дәйексөздің мазмұны бойынша Блум түймедағы бойынша сұрақтар құраңыздар. «Алты жапырақша - алты сұрақ түрлері»;

  3. Дәйексөзді оқығанда сіздерде қандай пайымдаулар туындады?

  4. Дәйексөздегі негізгі ой қандай?

Дәйексөбен жұмысты ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы сөзді дұрыс орналастырып, дәйексөзді құрау т.б.

  1. Мұғалімнің әңгімесі, мәтінмен жұмыс, Сара Алпысқызының қоғамға қызмет етуі бойынша жұмыстарын көрсететін бейнеролик немесе презентация көрсету

Ұсыныстар:
Мұғалімнің әңгімесінде бағдарлама авторының өмірінен алынған тарихы, оның адамға шынайы қызмет етуі ниеті туралы айтылады. Әңгіме барысында Сара Алпысқызының әрбір өсіп келе жатқан адамға, оның ата-аналарына, педагогтарына жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін, адамның шынайы табиғатын түсінудің маңыздылығын, оның барлығы сүіспеншілік негізінде іске асатынын ашу. Ұзақтығы – 5 минуттан аспайды.
Презентация (бейнеролик) үшін Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметі туралы сюжеттер, оның педагогтармен, оқушылармен әңгімелерінің үзінділері таңдалады. Кіріспе сөз кезінде оқушыларға көрген сюжеттерді аяқтағаннан кейін берілген сұрақтарға жауаптарын талқылау ұсынылады. Ұзақтығы – 5 минуттан аспайды.
4. Әңгіме рухани-адамгершілік мазмұндағы бойынша ұсынылған материал
Ұсыныстар:
Ұсынылған материалды талқылау кезінде оның мазмұнын дұрыс түсінгеніне назар аудару маңызды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы авторының іс-әрекеттерінде көрініс тапқан қасиеттері туралы әңгімелеу міндетті. Білім алушыларға осы адамгершілік қасиеттердің негізі риясыз сүйіспеншілік туралы маңызын түсінуге көмектесу, сұрақтарға жауап беруді ұсыну: Әр адам адамдарға өз махаббатын бере алады ма? Неге сіз олай ойлайсыз? Адам өмірінде риясыз сүйіспеншіліктің көрінісі не? Негізгі сұрақ оқушылардың жеке тәжірибесіне сүйенген: Күнделікті өмірде сүйіспеншілікті қалай көрсете аласыз? Мысалдар келтіріңіз.
Әңгімелесуді қорытындылай келе, педагог оқушыларға сүйіспеншілікті білдіру – бұл жақсылық екенін, яғни адам өз өмірінің нақты жағдайларында көрсете алатынын айтқаны маңызды. Сүйіспеншілік – адамның шынайы табиғи көрінісі, демек қайырымды іс-әрекет жасай отырып, сен нағыз Адам боласың. Бұл мақсатты «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы өзінің өмірлік ұстанымы ретінде іс-әрекетінде қолданып бізге үлгі ретінде көрсетіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет