процестер микробтың қалыпты тіршілігін бұзып, белгілі бір дәрежеден асқанда өлтіреді.
Тек қана күшті ерітінділері микробтардың дамуына кедергі жасап, оларды өлтіреді
/негізінен вегетативті түрлерін/, ал әлсіз ерітінділері керісінше
микроорганизмдердің
тіршілік қуатын арттырады.
Сілтілердің ерітінділері ыстық күйінде /70-80 С0/ пайдаланылады, ал қораны
дезинфекциялап болғанан соң оны мұқият желдету қажет
өйткені сілтілер несепте
болатын аммоний тұздарымен қосылып, көп мөлшерде аммияк бөліп шығарады да,
малдың улануына себеп болады.
Сілтілер негізіндегі дезинфекциялық ерітінділерді дайындау әдістемесі және
олардың дезпрепараттардағы массалық үлесін анықтау
Бұл преперет сатылуға сұйық күйінде, құрамында NaOH мөлшері 42% кем емес,
немесе қатты кристалды күйде, құрамында NaOH мөлшері 92-95% жіберіледі. Натрий
гидроксиді жанасатын материалдардың көбісін коррозияға ұшырататынын ескеру қажет.
Натрий гидроксиді ерітінділерін препаратты суға еріту арқылы дайындайды. Ерітіндідегі
натрий гидроксидінің пайыздық мөлшерін титрлеу арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: