Бақылау сұрақтары
1. Машинаның шығыуы қандай параметрмен анықталады?
2. Тігін машинаның негізгі жұмыс органдарын және оның қызметін атаңыз.
3. Тұрмыс тігін машиналары қандай екі топқа бөлінеді?
4. Тігін жабдығында қандай механизмдер түрі қолданылады?
5. Машинаның жұмыс органдарын немен қозғалысқа келтіреді?
Әдебиет тізімі
1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.:
Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.
2. Полянская Т.В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий: учеб. пособие. – М., ИД «ФОРУМ»: ИНФРА–М. 2006. –160 с.: ил. –(Высшее образование)
8– ДӘРІС
Тоқыма бұйымдардың тігу технологиялық процестері
Тоқыма бұйымдарының тігу технологиялық процестерін жобалау
Бұйымның негізгі бөлшектерін өңдеу
Сырт трикотаж бұйымдардың негізгі бөлшектеріне алдыңғы бой, артқы бой, шалбардың алдыңғы мен артқы жартылары және белдемшелер жатады. Осы бөлшектердің алғашқы өңдеуі олардың бөлшектерін бірігуден, өңдеу тігімдерді орындау мен бүкпелерді жасаудан басталады.
Егер бұйымдардың бүйір қиындылары кейін екі жіпті тізбекті машиналарда немесе қайықтық инешаншымымен бірігетін болса, онда бұл қиындылар торланады. Сонымен қатар өңірасты қиындылары да торланады.
8сур. Алдыңғы бойдыдың өңделуі
Трикотаж бұйымдардың бүкпелері кесілмейді.
Алдыңғы бойдағы жоғарғы бүкпені бүйір тігісінен (8 сур, а) және алдыңғы бүкпелері (8сур, б) жобаланады. Белдемшелер мен шалбарларда конструкциясы жоғарғы бүкпедегідей бел сызығы бойынша қарастырылады. Бүкпелерді алдын ала теріс жағында жасалған сызық бойынша сырып тігеді. Дайын бүкпені жатқыза үтіктейді.
Бұйымдардың кейбір моделінде алдыңғы бойдың пішілген бүйіршесі (8сур, в) болу мүмкін. Бұл кезде алдыңғы бойдың бөлшектері әр тәсілмен орындалуы мүмкін.
Алдыңғы бойдың бөлшектері үш жіпті, төрт жіпті шеттен торлау (8сур, г), машинасында немесе екі жіпті тізбекті сырып тігу немесе қайықтық машинасында орындалады.
Тізбекті немесе қайықтық инешаншым машинасында қиындыларды сырып тігу кезінде қиындылар торлану және жатқыза үтіктеліну (8сур, д) немесе айыра үтіктеліну(8сур,е) қажет.
Бұйымдардың қалтасын өңдеу
Трикотаж бұйымдардың қалталары әр түрлі болады. Олар жарма қалта, жапсырма, бұйымдардың бүйір тігісінде орналасуы және декоративті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |