«Тоқыма өндірісінің технологиясы» кафедрасы тк ttotzhP 3307– «Тігін-трикотаж өндірісінің технологиялық жабдықтары және процессстері»


– ДӘРІС Тоқыма бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар



бет13/22
Дата13.09.2022
өлшемі1,04 Mb.
#38981
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
    Бұл бет үшін навигация:
  • I топ
9– ДӘРІС
Тоқыма бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар

Дайын іш киім бұйымдардың сапасы ГОСТ 1136—72 «Изделия бельевые. Определение сортности» МЕМСТпен реттеледі.


Іш киім бұйымдарын жасау ережесі, тігістерге қойылатын нақты мынадай техникалық талаптардан тұрады:
- қажетті операцияларды орындау үшін қолданылатын тігістер бойынша нұсқаулар;
- әр түрлі жаймалардан бұйымдарды жасау кезінде, олардың өріміне және талшықтың құрамына байланысты тігістің ені мен тігімнің жиілігі түралы нұсқаулар.
Сонымен қатар тігістің сапасына қойылатын талаптар көрсетіледі:

  • тігістер берік болу қажет;

  • жинақы болу тиіс;

  • тегіс біркелкі тігімі болу қажет;

  • инешаншымның аттауы және тігістің седіреу болмау қажет.

Тігістің ұшы бекітіліп, ал жіптердің ұшы кесілу қажет.
Дайын сырт трикотаж бұйымдардың сапасы іш киімдей ГОСТ 1115—73 «Изделия трикотаж­ные верхние. Определение сортности» МЕМСТпен реттеледі.
Сырт трикотаж бұйымдардың барлық түрлері үшін әзірленген МЕМСТда техникалық талаптар, шикізатқа, өңдеуге, негізгі және қосымша бөлшектердің конструкциясына, трикотаж жаймалардың түріне, олардың сапасы мен беріктігіне қойылатын талаптар көрсетіледі.
Бұйымдарды жасау ережесінде тігістің жоғары сапасы қарастырылады. Ережеде тігуде пайдалынатын тігістер мен тігімдердің түрі, тігімдердің жиілігі мен тігістің ені, қиықтардың қайыру мөлшесі және т.б. мәліметтер беріледі.
Сонымен қатар, бұйымдарды жасау ережесінде жаймалардың созылу тобы және соған байланысты оларды өңдейтін әдістер орнатылады.
Мысалы, шеттен торлау машинасында төрт немесе бес жіпті инешаншымдарды құрған кезде, химиялық жіптерден тоқылған созылуы I топ жаймалардан жасалған бұйымдарда иық қиындысына таспа салмай сырып тігуге болады.
МЕМСТда сондай-ақ тігіс пен тігімдердің сырт көрінісіне қойылатын талаптар көрсетіледі:
- тігістер құрылымы дұрыс тігімдерден жасалу қажет,
- ені бірдей болу керек,
- тігімдер тегіс және қиықтың шетінен бірдей аралықта салыну қажет және т.б.
Тігімнің ұшы бекітіліп, жіптердің ұшы кесілу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет