Бақылау сұрақтары
1. Пішуге дайындау бөлмесінің қызметі қандай?
2. Бормен сызу кезінде қандай тәсілдерді қолданылады?
3. Жайманы пішу үшін қандай жабдықтарды қолданылады?
4. Пішу цехының соңғы өнімі қалай аталады және олорға қандай талаптар қойылады?
5. Пішу технологиясы дұрыс орындалмаунан қандай ақаулар пайда болады?
Әдебиет тізімі
1 Крючкова Г.А. Технология швейно-трикотажных изделий. – М.:
Издательский центр «Академия», 2009. – 288 с.
2. Полянская Т.В. Особенности технологии обработки трикотажных изделий: учеб. пособие. – М., ИД «ФОРУМ»: ИНФРА–М. 2006. –160 с.: ил. –(Высшее образование)
5 – ДӘРІС
Дайындап-пішетін өндірістің жабдықтары
Пішуге дайындау бөлімде (учаскеде, орында) механикалындырылған ақау-өлшеу машинасын кеңінен қолданылады. Әр-түрлі ақау-өлшеу станоктардың типтері материалдың белгілі қалыңдығы мен еніне арналған.
Ақау-өлшеу станогі (3сур.)
Белгілеулері:
1, 10, 24 – тасымалдау білікше; 12 – қысқыш;
2, 23 – бағыттаушы; 13 – білік;
3 – таспалы конвейер; 14 – шырақ;
4, 15, 22 – тұтқа; 16 – штанга;
5 – иінтірек; 17 – шыны;
6 – есептеуіш; 18 – байқау тақташа;
7, 21 – орам; 19 – люминесцентрілген шам;
8 – науа; 20 – сызық;
9 – тірек; 25, 26, 27 – педаль.
11 – қысқыш білікше;
Станокта көлбеу 18 байқау тақташасы болады. 18 байқау тақташаның терезесі 17 шынымен жабылған, ол арқылы 19 люминесцентрілген шамның көмегімен материалды астынан тексереді. 14 шырақ орнатылған люминесцентрілген шамның көмегімен материал үстінен де тексеріледі.
Материалдың 7 орамы 8 науаға салынады немесе екі 9 тіректе айналған оқтаушаға оралады. 15 тұтқаны бұрап, 11 қысқыш білікшені 10 тасымалдау білікшеден бұрады және олардың арасына материалдың ұшын кіргізеді. конвейерге береді.
27 педальді басқан кезде 3 таспалы конвейер орамды солға жылжытады, ал 25 педальға басқан кезде – оңға. Сонан соң 13 біліктегі 12 қысқыштың көтерілген жайында, 16 штанга арқылы материалды 18 байқау тақташасы бойымен өткізеді. Материалдың ұшын төмен өткізіп 23 мен 2 бағыттауштың ойысына салынған оқтаушаға орайды.
25 педальді басқан кезде станок іске қосылып, материал жоғарыдан төмен жылжыйды. Материалдың 21 орамға оралуы төменгі 24 мен 1 тасымалдау білікшелер орындайды. Материалдың ені 20 сызықша бойынша көзбен, ұзындығы – 6 есептеуштің көмегімен бақыланады. Өлшенген материалдың ұзындығы санын өшіру үшін жұмысшы 5 педальді басады; қажетті санды орнату үшін 4 тұтқаны бұрайды. 27 педаль материалды кері бағытта, яғни төменнен жоғары жылжыту үшін арналған
3сур. Ақау-өлшеу станогі
. Материал толық тексерілгеннен соң және ені мен ұындығы өлшенгеннен соң, жұмысшы 22 тұтқаны өзіне қарай бұрайды да 26 педальді басады. Бұл жағдайда 23 мен 2 бағыттаушылар жұмысшыдан төмен бұрылып, орамға оралған материалды 3 таспалы конвейерге береді.
Достарыңызбен бөлісу: |