Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет25/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

Болжамы. Жылқыларда өкпесінде ісік белгілерінің тез дамуымен қатар 2- 4 сағат ішінде дене температурасы 40°С және оданда жоғары көтерілсе, болжамы жағымсыз.
Егер процесс жай өтсе, өкпенің жеке бөліктерінде қырылдар естілсе, бірақ мұрын қуыстарынан көбікті сұйықтар ақпаса, онда болжамы қолайлы.
Асқынуы бронхопневмонияға ұласуы мүмкін.
Емі. Құрамында қыша майы бар өсімдіктермен уланған жануарларда процесс тез дамитын болғандықтан, дереу алғашқы көмек көрсетуі керек. Өкпе ісініп кеткеннен кейінгі емдеу шаралары жақсы нәтижелер бермейді (2- 3 сағаттан кейін).
Емдеу шараларының ішінен бірінші кезекте мүмкіндік болса, мұрын - өңеш зонды арқылы қарынды шырышты қайнатпалар арқылы құрамындағы азықтан босату керек. С. П. Куницин жылқыларға камфора препараттарын екеннен кейін жақсы терапиялық нәтижелер алған. Біздің көз қарасымыз бойынша кофеинді тері астына әр 3-4 сағат сайын 4г-нан тері астына егу тиімді. Кез-келген жағдайларда жүрек жұмысын қалпына келтіретін заттар бірден қолдануға дайын тұрғаны жөн. Кейбір авторлар ауыз арқылы спиртті және глаубер тузын қолдануды ұсынады. Стрихнин және сергітетін басқа да заттарды қолдану өте пайдалы болуы мүмкін.
Алдын алу. Жануарлар құрамында қыша майы бар өсімдіктермен ластанған азықтарды жеу, сондай-ақ оларды қорада ұзақ ұстау кезінде де улануы мүмкін. Жайылымдарды алдын-ала тексеру және концентраттарды талдау-ең тиімді профилактикалық зат болып табылады.


38. Стахиботритоксикоз.
Стахиботриотоксикоз. Стахиботриотоксикозды - стахиоботрис саңырауқұлағымен зақымданған ірі азықтар туындатады. Бұл саңырауқұлақ сапрофит – шабылған ірі азық, яғни, өлі өсімдіктер целлюлозасын талқандаушы Dematiaceae тұқымдастығына жатады. Стахиоботрис саңырауқұлағының (St. Alternans) морфологиялық жағынан ұқсас екі - уытты және уытты емес түрін ажыратады.
Зерттеулер бойынша азықтың зақымдану себебі мыналар болып табылады:
1) саңырауқұлақ спорасы азыққа ауадан түсу;
2) саңырауқұлақпен зақымданған топырақ пен азық байланысы нәтижесінде;
3)азықтың саңырауқұлағымен зақымданған өсімдікпен тікелей байланысы нәтижесінде;
Споралардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай - жоғары ылғалдылық, жылу және ауа болып табылады.
Сабанның немесе басқа да ірі азықтардың жоғары ылғалдылығы саңырауқұлақ өсу үшін “термостаттық” жағдай туғызады. Ылғалдылығы 20% аспайтын құрғақ азықта st. alternans өспейді. Бұл саңырауқұлақтың споралары 80-85o-тан жоғары температурада 10 минут ішінде қырылып қалса, 30-40o-тан төменгі температурада өзінің әсерін сақтап қалады. 2 - 4%- ды натрий гидрототығы ерітіндісі саңырауқұлақтың уытты әсерін жояды.
Уытты заттар саңырауқұлақтар өсіп-өнген кезде ғана пайда болады. Азық спорамен зақымданғаннан кейін 5-6 күннен кейін уытты әсер көрсетеді. Клиникалық белгілері. St. alternans саңырауқұлағымен зақымдалған азық өте уытты болып келеді. Оның 200-300 граммы жылқыда ауыр улану тудырып, өлімге ұшыратады. Стахиботрис уы жергілікті және кумулятивті әсер етеді. Саңырауқұлақ уынан ас қорыту жолында некрозды қабыну процестері дамиды. Сонымен қатар бүкіл организмде геморрагиялық диатез
байқалады.
Улануға жылқы сезімтал келеді. Сонымен қатар, ірі қара малы,
жануарлардың басқада түрлері улануы мүмкін. Стахиботриотоксикоз малды
қорада ұстаған кезде жиі байқалады. Малды жайылымға жіберген кезде ауруға шалдығу тоқталады.
Стахиботриотоксикоз клиникалық екі түрде өтеді: жіті (атипті) және созылмалы (типті). Ауру белгілері 1-3 тәуліктен кейін байқалады. Ауыз қуысының кілегейлі қабығы, ерні, маңдай терісі зақымдалады. Әдетте, стоматит, кейіннен қызару, ісіну және ауыз қуысының кілегейлі қабығының қабынуы және сілекей ағу байқалады. Ауыз қуысының кілегейлі қабығында, қызыл иекте, тіл, таңдайда өліеттену (некроз) байқалады. Бастың алқым жағының маңы ісінуі мүмкін. Кейбір жағдайда ринит және коньюктивит болады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғаяады
Жылқы рационынан дер кезінде саңырауқұлақпен зақымдалған азықты алып тастаса мал жазылып кетеді. Егер сол азықпен малды азықтандыра берсе жылқының жалпы жағдайы төмендеп, ауруға бүкіл ағза шалдығады. Қанның морфологиялық құрамы өзгереді, тромбоциттер, сонымен қатар лейкоциттердің саны азаяды (5-2 мың 1мм қанда).
Жылқының тәбеті жойылып, әлсізденеді, жұмыс кезінде тез шаршайды, ентігу пайда болады, бұлшықеті дірілдейді, мазасызданады, ас қорыту жолының жұмысы бұзылады. Кейде қысқа мерзімде дене температурасы 39-39,5oС-қа көтеріледі, терідегі, ерніндегі некроздар ұлғая түседі. Жылқылар мұндай күйде 5-20 күн жүреді. Уланудың ақыры өлімге ұшыратады.
Кейбір жағдайда қатты зақымданған азықты жеген жылқыда стахиботриотоксикоздың жіті (атипті) түрі байқалады. Азықты жегеннен кейін 8-10 сағ. кейін малдың жалпы күйі төмендейді.
Жиі байқалатын клиникалық белгілері: дене температурасының 40 - 41oС-қа дейін тез көтерілуі, жүрек жұмысының нашарлауы тамыр соғуының жйілеуі ( 80-100 бір минутта), өкпе домбығуы, ентігу, кілегейлі қабық цианозы, өкпедегі қырыл-сырылдың үдеуі. Сонымен қатар, жылқының қозғалыс координациясы бұзылады, бас бұлшықеті тырысып - бүріседі, тері сезгіштігі жойылады, көзге көрінетін кілегейлі қабықтарда көптеген ұсақ қанталаулар байқалады. Кейде танаудан, тік ішектен қан ағады.

Емі. Арнайы емі жоқ, симптоматикалық терапия әдісі қолданылады. Ірі қара мал уланғанда рационнан қышқыл азық-сүрлем және қышқыл жомды алып тастайды, көптеген жағдайда осыдан кейін мал жазылып кетеді.
Жылқыда стахиботриотоксикоздың алғашқы сатысында ішке ихтиол (4,0-8,0г), каломель (3,0-5,0г) және зығыр қайнатпасын береді. (1:500) калий перманганаты , 3%-ті сода ерітіндісімен ауыз қуысын жуады.
Аурудың соңғы сатысында В. В. Стасецкий біріктірілген ем қолдануды ұсынды: 10%-ды кальций хлоридінің ерітіндісін тамырға 100-200мл, 2,0-5,0г адреналинді 1:1000 қатынаста ерітіп тері астына, 0,5-1 сағаттан кейін 20,0- 60,0г 10%-ті иодты калийдің ерітіндісін тамырға егу керек.
Естен тану кезінде тері астына камфора майын, 3-4 сағат кейін хлорлы кальций берген дұрыс
Ірі қара стахиботриотоксикозы кезінде В. А. Фортушный 10%-ті натрий хлориді ерітіндісін тамырға енгізу жақсы нәтиже береді деп есептейді. Ерітіндіні күніне бір рет, 2-3 күн қатарынан 200мл береді.
Алдын алу шаралары.
Азықтың стахиботрис саңырауқұлақтарынан зақымдануын болдырмаған жөн. Бидайды құрғақ ауа-райында жинап, егіс даласынан тез алып кету керек, сабан мен шөпті маялап жинау алдында жақсылап кептіріп, құрғақ жерде маялаған дұрыс.
Стахиботриотоксикоздан сабан ескі қырманда зақымданады, сондықтан сабанды жаңа қырманда маялау керек. Мая тұратын жер топырағын ас тұзымен немесе хлорлы әкпен өңдеу керек. Сонымен қатар st. alternans уытты саңырауқұлақтары жем-шөпте сақталатынын ескеру қажет. Жылқы мен ірі қараға, суланған сабанды беруге болмайды. Сапасы нашар
сабанды төсеніш ретінде де қолданбайды. Мұқият тексергенде мұндай сабанда қара күйені байқауға болады.
Стахиботриотоксикоз саңырауқұлақтарын 0,5%-ды күйдіргіш калий немесе натрий, 1%-ды аммиак ерітіндісімен залалсыздандыруға болады.
39. Жануарлардың жүгеріден улануы.
Жүгері – құрамында улы заттар болмайды. Бірақ та соңғы жылдары, әсіресе ірі қараның улануы байқалып жүр. Ірі қара малы көбінесе сүтті- піспеген жүгеріні жеу арқылы уланады. Сол сияқты оларды ертеңгілік немесе жауыннан кейін жүгері алқаптарында жайған кезде де улануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет