Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Токсикологиялық талдау пәнінің басқа пәндермен байланысы



бет2/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

Токсикологиялық талдау пәнінің басқа пәндермен байланысы. Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау мынадай негізгі үш бөлімнен тұрады: жалпы токсикология, жеке токсиоклогия және өсімдіктер токсикологиясы. Ал басқа да көптеген әдебиеттерде химиялық- токсикологиялық талдау әдістері токсикология саласының бір бөлігі болып енгізілген.

1.Жалпы токсикология уланудың себептері мен улану патологиясының даму механизмін, улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді зерттейді; сонымен бірге, улануды емдеу және оны алдын-алудың жалпы әдістерін қарастырады.
2. Жеке токсикология жекелеген улы заттардың белгілі бір мал түрлеріне әсер ету ерекшеліктерін зерттейді. Басқаша айтқанда, жеке токсикология улануды белгілі бір жеке патологиялық құбылыс ретінде қарастырады.
Жеке токсикологияның өзін бірнеше жолдармен жіктеуге болады. Бұл ұсынылып отырған оқу құралында оқу материалдары мынадай жүйемен беріліп отыр:
- улы химикаттардан уланулар
- минералдық улардан уланулар
- улы өсімдіктерден уланулар
- сапасыз азықтық заттардан уланулар - жануар тектес улардан уланулар
3.Өсімдіктер токсикологиясы бөлімі улы өсімдіктерден уланудың себептерін, улану патологиясының даму механизмін, улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді зерттейді; сонымен бірге, улануды емдеу және оны алдын-алудың жалпы әдістерін қарастырады. Ал, оқулықта кездесетін химиялық-токсикологиялық талдау әдістері бөлімінде токсикологиялық-зертханалық зерттеулер жүргізудің жалпы ережелері мен қағидалары жайлы баяндалады.


. 3. «У» және улану туралы ұғым.
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В. Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: «У» дегеніміз тірі ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат. Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану - жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану- салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos-бөтен) әсерінен болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет