Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Гербицидтер және дефолианттар туралы түсінік



бет33/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
50. Гербицидтер және дефолианттар туралы түсінік.
гербицидтер- арам шөптерді жоятын заттар.
дефолианттар- техникалық дақылдарды техникамен жинау кезінде өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар.
Гебицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар тобына жатады. Барлық гербицидтер селективті, яғни таңдаулы әсер ететін және зиянды шөпті өсімдіктердің барлығын жоятын, бірақ дақылдарға зиянды әсері жоқ препараттарға жатады. Сонда да гербицидтер арасында барлық өсімдіктерді жойып жіберетін қосылыстар да кездеседі. Мұндай қосылыстар селективті емес гербицидтерге жатады, қазіргі кезде сирек қолданылады. Әсер ету механизміне қарай гербицидтер жүйелік және контактлі гербицидтер болып бөлінеді. Жүйелік гербицидтер – өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап, өсімдікті уландыратындар - бұл гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады, ал контактілі әсер ететін гербицидтер– препаратпен жанасу барысында өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының зақымдануы болып табылады. Химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық және органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық гербицидтерге триазин туындылары (атразин, симазин, зинпор, профизин, прометрин), фенол қосылыстары(пентахлорфенол, пентахлорфенолят натрия, нитрофен), карбаматтар (севин, триалан, ялан), ФОҚ, ХОҚ және тағы басқаларды жатқызуға болады. Органикалық емес гербицидтер қатарына көбінесе селективті емес гербицидтер жатады.
Бутифос (фолекс, мерфос) - суда жартылай, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, жағымсыз иісі бар, ашық- сары түсті сұйық. Мақта алқабына 1- 2 кг/га мөлшерінде қолданылатын, топыраққа сіңу жылдамдығы 2 аптаға созылатын дефолиант. Малдар үшін орташа уытты. 40-60% эмульсия түрінде шығарылады.
Өсімдіктер шаруашылығында соның ішінде, мақта шаруашылығында, гербицидтерден басқа мәдени өсімдіктердің жапырақтарын түсіру үшін химиялық зат - дефолианттар қолданылады. Сонымен қатар, басқа да мақсаттарда қолданылатын препараттар бар, мысалы альгицидтер, олар балық өсіретін тоғандар мен күріш алқаптарындағы балдырларды жою үшін қолданылады. Бірақ бұл препараттардың, біріншіден, жануарлар үшін уыттылығы төмен, екіншіден, уыттылық қасиеттері аз зерттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет