Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет45/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
токсик (копия)

1.азық ағынын анықтау
2.түсі
3,иіс
73. Сапониндерді анықтау үшін неге гемолиздік сапа- сынамасын қояды
74. Потологиялық материялда гликозидтерді анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
75. Бақаға тері астына никотин препаратын енгізгенде ол қандай кейіпте болады ? Никотиннің әсерін түсіндіріп беріңіз ?
Бақаның артына қолданылған никотиннің шамалы мөлшері оны тез өлтіреді, ал уланған жануар өзіне тән отыратын позаны алып, Тез құрысуларға түседі.
Никотин қан арқылы өте тез таралады және миды қаннан бөлетін және оны қанға түскен зиянды заттардан қорғайтын қан-ми тосқауылынан өтеді. Жеті секундтан кейін никотин миға жетеді деп саналады. Никотин ағзада ұзақ уақыт қалады: қанға түскен мөлшердің жартысы екі сағат ішінде шығарылады.
76. Картоптағы соланинді анықтау әдістері ?
Картоп – алқа тұқымдастарына жататын бағалы азық және тағамдық тамыр тұйнекті жеміс. Көбінесе ірі қара малы, шошқа уланады. Улану себебі құрамындағы соланин деген гликоалколоидқа байланысты. Соланин көп мөлшерде картоптың жасыл жемісінде жинақталады (1%-ға дейін), гүлінде 0,7% болса, түйнегінде 0,002-0,007%-ға дейін кездеседі. Өскіні өсіп кеткен, солған және шіріген картоп құрамында соланин көбейіп кетеді.
Алқа тұқымдасының (Solanaceae) көптеген өкілдері бар. Олар вегетацияның белгілі бір фазасында көптеп ерекше зат –гликозид соланин бөледі. Оның ерекше болу себебі гликозидтікте, алкалоидтықта (соланидин) қасиет көрсете алады. Сондықтан ол гликоалколоидтарға жатады.
Соланин картоптың (S. Tuberosum), қызанақтың (S. Lukopersicum), баклажанның (S melongena) және тағы басқа да алқа тұқымдастардың құрамында болады.
77. Уланған малдың өні Химиялық немесе өсімдік тектес улы заттармен улануға ұшыраған жануарларды мәжбүрлі түрде сойған жағдайда, мұндай жануарлардан алынатын етті тамаққа пайдалану мүмкіндігі туралы шешім жануарлардың улану дәрежесі мен клиникалық белгілерін, уыттылығы мен улануды туындатқан уланудың қалдық мөлшерін ескере отырып, әрбір жекелеген жағдайда қабылданады.

Сою алдында барлық жануарлар белгіленген тәртіппен ветеринариялық тексеруден өтуі тиіс.мдерін ветеринарлық – санитарлық сараптау

78. Улы өсімдіктерді анықтау әдістері.
Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.
Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты – жайылымнан немесе азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:
1). Өсімдіктің түрімен танысу
2). Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі
3). Улану сәтін және күнін анықтау. Мұндай деректерді есепке алу синил қышқылының түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
4). Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтйжесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.
79. Жануарлардың сульфаниламидтерден улануы.
Сульфаниламидтерге сезімтал жануарларда аллергиялық реакциялар, құсу, диарея болуы мүмкін. Бұл жағдайда препаратты қолдану тоқтатылады. Сульфаниламидтерге жеке сезімталдықтың жоғарылауы, гемопоэз, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы.
80. Егер зерттеген дәнде формалин бар болатын болса, онда пробиркада не пайда болады?

81. Улану кезіндегі алғашқы көмек және емдеудің жалпы принциптері.


Улану, басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай белгілермен ерекшеленетін категорияға жататын ауру. Жіті улану күтпеген жерден болады. Сондықтан да, улануды емдеуде шешуші маңызы бар алғашқы көмек, уланған жануарға дер кезінде көрсетілуі керек.
Уланған малға алғашқы көмекті дәрігер келгенге дейін, мал шаруашылық мекемелерінің жұмысшылары көрсетуі тиіс. Ол үшін:
1. Жануар ағзасына удың ары қарай тұсуін тоқтатуы
2. Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету
3. Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар қолдану
4. Басқа жануарларда улану белгілері басталмай тұрғанда, күмәнді азықты алып тастап, сол жануарлардың ағзасына удың енуін тоқтатып немесе қысқартып қалу
5. Жануарларға көп мөлшерде су беру
6. Егер мүмкіндік болса, жануарды қорадан таза ауаға алып шығу.
7. Дәрігердің келуін тездетіп, оның көмегіне сүйену керек.
Жануардың түріне қарай, олардың ағзасындағы уды әртүрлі әдістермен бейтараптауға болады. Кейбір құсу актісі тән жануарлар ағзасын улы заттан босату мақсатында құстыратын заттар береді (апоморфин, вератрин). Ірі қара, жылқылардың асқазанындағы уды зонтпен жуу арқылы, ал кейбір жағдайларда руминаторлық дәрілік заттар көмегімен сыртқа шығаруға болады. Асқазанындағы улы заттарды тазалап алып тастағанменде, онда удың аздаған мөлшері қалып қалатынын есте ұстау керек. Ағзадағы улы заттар әсерін жою үшін, асқазан-ішек жолдарында олардың сорылуын азайтып, олардың уытты әсерін жоюға жағдай жасау керек. Осындай жағдайларда кілегейлі және ақзаттық препараттар қолданылады. Бұларға: алтей тамырының қайнатпасы, зығыр дәні, тауық жұмыртқасы және басқа да құрамында кілегей, крахмал, ақзаты және сүті бар препараттар жатады. Бұл заттар ішек қарын, асқазанның кілегейлі қабығын жұқа қабатпен жаба отырып, удың сіңімділігін төмендетеді, сонымен бірге, кейбір улы заттардың тітікендіргіштік және күйдіретін әсерінен қорғайды .
Улануды емдеуде адсорбенттерді қолданудың маңызы өте зор. Адсорбция - ас қорыту жүйесіне улы заттардың сіңуін айтарлықтай немесе толық тоқтатып тастай алатын, өте құнды физикалық әдіс. Адсорбентті заттар удың құрылысын бұза алмаса да, қолданғанда, олардың ағзаға әсерін тежейді.
Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбенттердің бірі- белсендірілген көмір. Оның алколойдтарды, сынап және мышьяк қосылыстарын, әртүрлі газ түзгіш уытты заттарды өз бойына сіңіру қасиеті өте жоғары. Бірақ, қарындағы уға қарағанда, оның ішектегі уға әсері өте әлсіз. Сондықтан, малдың уланғанына біршама уақыт өтіп кетсе, адсорбенттермен қатар, белсенді іш өткізгіштер (карбохолин, пилокарпин,прозерин,глаубер тұзы) берсе, ем нәтижелі болары сөзсіз.
Төмендегі екі түрлі әдіспен ағзаға түскен уды бейтараптауға, құрғатуға және олардың уыттылық қасиетін жоюға болады:
а) физикалық - улы заттардың адсорбциясы;
б) химиялық - улы заттардың құрамының бұзылуы
Улы заттардың құрылымын бұзып, ыдыратып, уытты әсерін тоқтату үшін уға қарсы заттар қолданады. Кәзіргі уақытта уға қарсы заттар антидоттар деген жалпы атпен кең таралған.
Фосфорорганикалық және карбаматты пестицидтерден уланғанда: атропин сульфаты - бронхоспазм, көз қарашығының тарылуы (миоз), сілекей ағу, қаңқа бұлшық еттерінің треморы және дірілі секілді клиникалық белгілерді жою үшін; тропацин - антихолинэстеразды заттардың жүйке жүйесін салдандыратын уытты әсерін жоятын холинолитик ретінде; фосфолитин - холинолитикалық әсер ететін атропин тәрізді химиялық зат түрінде; дипироксин - фосфорорганикалық қосылыстардың уытты әсерінен қызметі төмендеген жүйке жүйесіндегі ацетилхолинэстеразаны қуаттандыратын зат ретінде қолданылады. Бұлармен қатар, диэтиксим, токсогонин, изонитрозин, дипраксим секілді антидоттар көмегімен уланудың бетін қайтаруға болады. Бұл дәрілік заттармен қатар, 1 %-ды калий перманганаты ертіндісінің де улы заттарды бейтараптаудағы әсере зор
Хлорорганикалық қосылыстардан уланғанда токоферол ацетатының (Е витамині ацетаты) антидоттық әсері өте жоғары.
Ауыр металдардан уланғанда: унитиол - жіті және созылмалы уланғанда жоғары дәрежелі емдік қасиет көрсететін антидот; тетацин-кальций -қорғасын, сынап, кобальт және кадмий сияқты металдармен уланғанда қолданылады; пеницилламин - мыс, мышьяк және т. б. заттармен уланғанда қолданылатын у қайтарғыш.
Цианид, синил қышқылы және селеннен уланғанда тиосульфат натрийдің, натрий нитриттің, амилнитриттің емдік қасиеті өте нәтижелі.
Фтордан, ас тұзынан уланғанда ішке әк суын және 10%-ды хлорлы кальций ерітіндісін 0,1 мг/кг мөлшерінде күре тамырға егеді. Кейбір кездері антидоттардың орнына, улардың преципитациясын немесе тұнуын болдыратын заттарды да қолданады. Бұл жағдайда танин және иод ерітіндісі үлкен белсенділік танытады. Таниннің (еменнің қабығы ерітіндісі) 1%-тік сулы ерітіндісі немесе 10-20%-дық концентрациясы алколойдарды тұндырады. Йод ерітіндісі алколойдтарды шөктіреді, кобальт және мырыш қосылыстарының белсенділігін айтарлықтай төмендетеді. Ақ мышьякпен және кейбір алколойдтармен (морфин, кониин, атропин) уланғанда танинді антидот ретінде қолдану керексіз.
Умен қосыла отырып, оның құрылымын өзгертетін және кешендік сипаты бар қосылыстар түзетін уыттылығы жоқ дәрілік заттарды арнайы (спецификалық) антидот деп санауға болады. Мұндай әсердің көрнекті мысалы ретінде, ауыр металмен қатынастағы дикаптол және унитолды (әсіресе құрамында сынап және мышьяк бар препараттарды) айтуға болады. Спецификалық, бірақ поливалентті антидоттарға кейбір темір қосылыстарын, магний күкіртсутегін және т.б. жатқызуға болады.
Ағзаны улы заттардан тазалаған соң, зақымданған мүшелердің жағдайын жақсарту, яғни, симптоматикалық көмек көрсету керек.
Орталық жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер қысылуымен, тежелумен аяқталса, оған стрихини, ал қозғанда барбитураттарды қолдануға болады. Жүрек - қан тамыр жүйесі әлсірегенде, оның жұмысының жақсаруына камфора, кофеин және кордиамин препараттары көмектеседі. Асфиксиямен аяқталатын улануларда көмірқышқыл газын қолдану, ал синиль қышқылымен уланғанда метгемоглобин түзушілерді қолдануға кеңес беріледі.
82. Уланудың алдын алу.
Ауыл шаруашылығын жаппай химияландыру жағдайында малдардың, сонымен қатар, құстардың, балықтардың және бал араларының улануының алдын-алу - мал дәрігерлерінің және т.б. ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін көрсететін негізгі міндет. Бұл мамандар минералды тыңайтқыштардың қолданылу уақытын, ағзаға әсерін және қауіптілік деңгейін білгені жөн. Мысалы, аммиак селитрасы мақта талшығы, күнжаралармен әсерлескенде жарылғыш келеді; сусыз аммиак тез жанғыш зат, ауамен әрекеттесіп, жарылыс тудыруы мүмкін; мочевинаны дайындау ережелерін дұрыс сақтамау өте уытты биуреттер түзілуіне әкеліп соқтырады; аммоний сульфатын роданды натриймен немесе аммониймен араластырса, уыттылығы арта түседі; бутифос, антио, кельтан, сайфос,севин жарылыс немесе өрт тудыратын қасиеттерімен ерекшелінетін пестицидтер. Сонымен қатар, бромды метил, глифтор, гранозан, зоокумарин, меркургексан, мырыш фосфиді уыттылығы өте күшті заттар болса, реглон, фталофос, гексахлоран жоғары уытты заттар қатарына жатады.
Пестицидтермен өңделген жайылымдарда малдарды жаю 25 күннен кейін жүргізілуі керек. Пестицидтер сақталынатын қоймаларды, тыңайтқыштарды себетін құрал-жабдықтарды, машиналарды балық шаруашылығы орналасқан жерлердегі су көздерінен 2000 м қашықтықта, елді мекендер мен мал қораларды, суаттардан 200 м қашықтықта орналастырған дұрыс. Ұшақтармен дәрі себу немесе бүрку жұмыстарын елді мекендерден және мал шаруашылығы орналасқан жерлерден 1000 м, балық шаруашылығы орналасқан жағалаулардан 2000 метрден кем қашықтықта жүргізуге тиым салынады.
83. Уланулар кезіндегі диагноз қоюдың жалпы принциптері.
Жануарлардағы улануды болжау әртүрлі болады. Ол көптеген себептермен анықталады, басты себептері болып мыналар саналады: - Удың белсенділігі. - Ағзадан улардың тез шығуы немесе олардың бейтараптануы - Ағзаға енген удың мөлшері және оның құрамы (концентрациясы, жағдайы). - Ағзаның физиологиялық дәрежесінің бұзылуы. - Удың ағзаға әсері және енген кезде байқалатын реакциясының көрінуімен сипатталатын клиникалық белгілер, болжау шешуші факторы болып табылады. Ағзаға енген удың концентрациясына, олардың түрлеріне, малдың жалпы жағдайына және клиникалық белгілеріне байланысты болжау кебір жағдайларда қолайлы, кейде қолайсыз болып табылады.
84. Уланулардың химиялық- токсикологиялық талдау әдістері.
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
1. Биологиялық әдіс
Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген. Зертханалық жануарлардың( ақ тышқан, қоян, теңіз шошқасы) терісі астына және құрсақ қуысына азықтан алынған уытты заттың судағы немесе спирттегі экстрактысын егу арқылы, удың әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.
Улану жайлы толық деректер алу оларды дәлелдеу, мүмкіндігінше балау қою үшін жануарларға эксперимент түрде тәжрибе жүргізу зор нәтиже береді.Тәжірибе жасанды түрде және далалық жағдайда жүргізіледі.
Тәжірибені жүргізу:
1. Эксперимент малдарға алдын ала тексерілген улы өсімдіктермен өз еркімен қоректенуіне жағдай жасалынады.
2. Малдарды жасанды жолмен қоректендіру, яғни улы өсімдіктерден алынған сығындыларды ауыз қуысы, тері, бұлшықет арқылы енгізу. Көрінген клиникалық белгілер арқылы улану процесін инфекциялық аурулардан ажыратуға болады.
2.Биохимиялық әдіс
Қоянның гемолизденген эритроциттеріне ацетилхолинэстераза және Na,K,АТФ-аза ферментін қолдануға негізделген. ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар жоғын анықтағанда, сынаманың судағы экстрактысымен эритроциттерге әсер етіп, 2 сағаттық жанасудан кейін, көрсетілген ферменттердің белсенділігін анықтайды.Фермент белсенділігінің 30(-дық әлсіреуі, тексерілген зерзатта ФОҚ-тар мен карбаматтардың бар екендігін дәлелдейді.
3. Химиялық әдіс
Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы принциптеріне негізделген. Колориметрия-улы заттардың әртүрлі рективтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кшендер түзілуіне негізделген. Боялу дәрежесіне қарай, тексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды. Құстар мен шошқаларға (бұл малдар ас тұзына өте сезімтал) арналған құрама жемнен NаCІ анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс. Ал алколойдтарды анықтауда шөгінді шөгу реакциясын қолдану үлкен нәтиже береді. Су құрамындағы алколойдтар танинмен, сынап хлоридімен, фосфор. Вольфрам, фосфор-молибден немесе пикрин қышқылдарымен әрекеттесіп, суда ерімейтін шөгінді түзеді.
4. Физикалық-химиялыұ әдіс.
Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады. Жұқа қабатты әдіс-хроматографиялық пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден (старт) екінші нүктеге (финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген. Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық хроматография әдісі - хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-химиялық әдісі.
5. Ботаникалық әдіс
Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.
Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты – жайылымнан немесе азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:
1). Өсімдіктің түрімен танысу
2). Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі
3). Улану сәтін және күнін анықтау. Мұндай деректерді есепке алу синил қышқылының түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
4). Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтйжесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.
85. Улануды дифференциялдық балау.
Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет - шаруашылықта жұқпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру қажет. Өйткені, жұқпалы аурулар мен уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы, жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға «уланған» деп балау қойсақ, нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды «жұқпалы аурумен ауырған» деген шешімге келсек немесе балауда кеткен басқа да қателіктер шаруашылыққа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын үлкен экономикалық шығын немесе зардап әкеледі.
Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау қоюда дене температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы, уланудың басым көпшілігінде, жануарлардың дене температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура әдетте жоғары болады. Сонымен қатар, улану кезінде ауырған мал саны шектеулі, яғни, тез көбеймейді. Ал, жұқпалы ауруларда алғашында мал жеке-жеке ауырып, аз уақытта ауру мал саны тез көбейеді. Уланудың инкубацииялық сатысы болмайды. АТФ ферметінің белсенділігін тексереді. Улану кезінде АТФ ферметі функциясы блокадаланып, белсенділігі төмендейді. Ал, жұқпалы аурулар кезінде, керісінше, белсенділігі жоғарылап кетеді. Мал өлексесін тексеріп, ажырата балау жасаған кездеАТФ ферметінің белсенділігін тексерудің маңызы зор.
86. Жануар тектес улардан улану кезіндегі химиялық- токсикологиялық талдау әдістері.
87. Жануарлардың улы заттарға сезімталдығы.
Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау уытты заттардың ауылшаруашылық малдары мен жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.
Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін у сасыр өте қауіпті. Оларды малдар жеген соң, малда «В» витаминінің жетіспеушілігі (авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды. Себебі, олардың мес қарынында «В» витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер көрсете алмайды.
88. Дәрілік заттардан уланудың жалпы сипаттамасы.
Дәрілі заттарды өз мөлшерінде қолданбау малдарды уландыруы мүмкін. Улана қалған жағдайда негізінен орталық жүйке жүйесі, тыныс алу орталығы және ішкі мүшелер (бауыр, бүйрек, ас қорыту жолы және тағы басқа да мүшелер) зақымданады.
Тыныс алу жүйесінің зақымдануы - тыныс алудың жіті жетімсіздігіне әкеліп соқтырады.
Тыныс алуды зақымдануының 3 түрі бар.
1) Орталық (неврогенді) 2) аспирационды-обтурационды 3)Өкпедегі патологиялық процестер.
1. Тыныс алу жүйесін зақымдаушылырға невротоксикалық улар тән. Уланған жер бұлшық еттері параличі және тыныс алу орталығының әлсіреуі тыныс алу ритмін бұзады, кейде дем жетпеуден мал өліп кетеді.
2. Аспирационды - обтурациялық зақымдану (механикалық асфекция) – малдар кома жағдайында болғанда, тыныс алу жолына бөгде зат тұрып қалуынан, тіл тартылып қалғанда бронх бездерінің гиперсекрециясы кезінде, көп мөлшерде бөлінуден болады. Механикалық асфекция- кілегейлі қабықтардың көгеруінен (цианоз), көбікті ылғалды сыралдармен ерекшеленеді.
Тыныс алу жүйесінің жоғарғы бөлігі күйген кезде, жұтқыншақтың стенозды, дауыстың жоғалуы, ентігу, дианоз, ауру малдың ерекше қозуы байқалады.
3. Өкпенің токсикалық ісінуі- өкпе мембранасына улы заттардың әсер етуіне байланысты пайда болатын қабынулар мен өкпе ұлпаларының ісінуімен ерекшеленеді. Өкпенің зақымдалуы азот тотығымен фосген, түтін т.б ингаляциялық жолмен енген улар заттар әсерінің нәтижесі. Сілтілі қышқылдармен дәрілік заттар және олардың тыныс алу жолына шоғырлануы жоғарға бөліктің күюіне әкеп соқтырады. Өкпенің жіті қабынуы да осы улы заттардың әсерінің нәтижесі.
Улану нәтижесінде жүрек қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы – барлық жіті улануларда байқалады.
Организмге жоғарға дәрежелі улы заттардың көп мөлшерде түскен малдарды өлім-жітімге ұшыратады немесе коллапс қалыптасады.
Коллапс екіге бөлінеді. Алғашқы токсикогенді коллапс- экзотикалық шок түрінде өтеді.
Улану кезіндегі психоневрологиялық зақымдану – психикалық, неврологиялық және сомотовегетативтік зақымдану белгілері бар токсикалық энцефалопотия түрінде білінеді. Жіті улану кезіндегі психоневрологиялық зақымданудың аса ауыр белгілері – ол кома және интоксикациялық психоз.
Кома – (сыртқы тітіркендіргішке қарсы жүйке жүйесінің аса жоғары дәрежеде қозып, жауап беруі, естен тану) – наркотикалық заттармен улануда қалыптасады. Токсикалық кома кезінде уланудың айқын белгілері білінбейді,
егер улы заттардың организмнен бөлінуін тездетсек зардап шеккен адам немесе малдың көңіл-күйі жақсара бастайды.
Интоксикациялық психоз – атропин, кокаин, тубазид, этиленгликоль т.б уланғанда, ыстан (түтін) пайда болады және әртүрлі психопатологиялық белгілер көрсетеді (галмоцинация есі ауып қалу).
Самотовегетативті зақымданудың әртүрлі белгілері бар: мысалы, миоз (көз қарашығының кішіреюі), терлеу, гипотермия сияқты белгілері алкогольмен, барбитураттармен, ФОС-пен уланғанда көрінеді.Меңдуана (беладона) алколоидтармен асматол, аэронмен уланғанда мидриоз (көз қарашығының үлкеюі), гиперемия, терінің құрғақтануы, гипертермия секілді белгілері байқалады.
Нейротоксикалық заттармен (ФОС, пахикорпин, бромды метил) уланғанда жүйке жүйесі бұлшық еттерінің өткізгіштігі бүлініп, парез, параличтер қалыптасады, ал асқынуы –миофибриляцияға (діріл) ұласады.
Көптеген диогностикалық дәлелдемелер метил спирті және хининнен уланғанда көздің көруінің зақымдануы тіпті көрмей қалуға ұласуы мүмкін екенін дәлелденген. Миоз сияқты көздің жақсы көрмеуі, есту қабілетінің нашарлауы, көзге көрінетін белгілердің түрлі-түсті болып көрінуі (цветное зрение) барлығы дәрілік заттардың уытты әсерінен болады. Уланудың ауыр түрінен кейін ұзақ уақыт организм қалыпты жағдайға келе алмай тітіркеніп, шаршап, өзін әлсіз сезініп тұрады.
Оған тән ерекшеліктер: тері қабатында діріл, көгерген ісіктер байқауға болады, ұстаған кезде дененің салқындағаны, ентігу, тахикардия, гипотензия (ослаб.чувст-ть), тіршілікке осы қажетті функциялардың, соның ішінде қан айналудың бұзылуы жетімсіздігі шоктың ерекше белгілерінің бірі.
Улы заттар ыдырап организмнен бөлінгеннен кейін екінші дәрежелі коллапс дамиды. Бұл жүрек қан тамыр жүйесінң компенсаторлық мүмкіндігінің тежелуімен, бауыр, бүйрек, тыныс алу жүйесі жұмыстарының бұзылуымен, асқынумен сипатталады.
Улы заттар жүрекке тікелей әсер етіп, бұлшық еттерінің өткізгіштік қасиетін нашарлатып, соғу ритмін бұзады. Кәрі малдарда өкпе ісінуі байқалады.
Ал бауыр зақымданғанда 3 дәрежелі (токсикалық гепотопатия) айқын белгілері байқалады.
Өлген малдарда патологиялық тексергенде – бауыр үлкейген, сарғаю, гемаррогиялық диатез анықтауға болады. Бүйрек зақымданғанда бел аумағын басқанда ауырсынады, олигурия. Ауыр түрде өтуі бауыр, бүйрек жетіспеушілігімен ерекшеленеді.
Ас қорыту жүйесінің зақымдануы – диспептикалық бүліну (айну, құсу), гастроэнтерохолит, іш құрылыстың күюі, қан ағу (қышқылмен, сілтілермен уланғанда) секілді клиникалық белгілері көрсетеді. Уланған кездегі құсу организмге жақсы әсер етіп, улы заттың бөлінуіне әсер етеді.
Бірақ кома кезінде, күйдіретін улы заттармен жұтқыншақ зақымданғанда (стеноз) құсу қауіпті.
Ас қорыту жүйесі уланғанда организмнің дегидратациясы және электролиттік балансы бұзылады.
89. Фосфорорганикалық қосылыстардан улану кезіндегі потологиялық өзгерістер.
Көптеген авторлардың айтуынша (А.В.Акулов, Г.П.Ясновой,1966; Ф.П.Кохток 1970) уланудан өлген малды сойып зерттегенде, тіршілікке қажетті мүшелерде, соның ішінде бауырда, бүйректе, өкпеде, жүректе, қалқанша және ұйқы бездерінде қан толулар байқалады. Сонмен қатар, осы мүшелерде түйіршікті дистрофия қалыптасады. Көкбауырда гемаглобин мөлшері көбейіп, бауыр ұлпаларында гликоген азаяды. Осы көрсеткіштердің барлығы ФОҚ-мен уланғанда орталық жүйке жүйесі мен қан тамырларының зақымдалынатынын білдіреді.Химиялық-аналитикалық зерттеулер нәтижесі ФОҚ-дың мида және паренхиматозды мүшелерде, лифа түйіндерінде және қойдың құйрық майында көп мөлшерде, қаңқа бұлшық етінде шамалы ғана жиналатындығын көрсетеді (Конюхов,1980).
90. Хлорорганикалық қосылыстардан улану кезіндегі потологиялық өзгерістер.
Жіті улану кезінде ішек- қарын жүйесі кілегейлі қабықтары қабынып, паренхиматозды мүшелерге қан толуымен сипатталынады. Кеңірдек және бронхтар көпіршікті сұйыққа толы, өкпе ісінген, тыныс алу жүйесі, кілегейлі қабықтары, эндокард, эпикард, бауыр мен бүйрек және т.б. ұлпалар қанталаған. Күйісті малдардың қарыны газға толған.
Созылмалы улану кезінде құрсақ қуысы мүшелерінде және өкпеде қан іркілу, майлы дистрофия, бауыр мен бүйректе қан толу, көлемінің ұлғаюы, ми ұлпасының ісінуі секілді белгілер байқалады. Сонымен қатар, жекелеген мүшелер мен ұлпалар ісініп, жүйке бұлшық еттері мен бауыр өлі еттенеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет