Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Улы заттардың токсикодинамикасы



бет27/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

41. Улы заттардың токсикодинамикасы.
Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету механизмін қарастырады.
Токсикокинетика- малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы заттардың сіңу,таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын қарастырады.
Ағза мен улы заттардың өзара әсері екі жағдайда болады. Оның біріншісі – контактілі (жанасу), екіншісі - ағза мен удың тәндік әрекеттесуші қасиеттері. Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты.
Олар: 1.Малдың уға сезімталдығы.
Ағзаның жағдайы.
Удың ағзаға ену жолдары.
Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Малдың улы заттарға сезімталдығы
42. Улы заттардың организмдегі кумуляциясы және оның түрлері.
Уланудан амалсыз сойылған жануарлардың етін ветеринариялықсанитарлық сараптау удың уыттылық және жинақталу дәрежесіне, ұлпалардағы өзгерістерге қарай үш топқа бөлінеді:
1) Қолдануға болмайтын; егер ет құрамында цианид, сынап қосылыстары, фосфорорганикалық препараттардың жүйелі әсер ететін түрлері кездескен жағдайда олардың қанша мөлшерде кездескеніне қарамастан ет жойылады.
2) Қолдануға жарамды; егер ет құрамында мышьяк, қорғасын, мыс, барий қосылыстары, нитрат және нитриттер, гексахлоран шектеулі мөлшерден жоғары болмаған жағдайда.
3) Қолдануға болатын; егер ет құрамындафтор, мырыш фосфиді, хлорлы натрий және калий, аммиак, карбамид, фосфорорганикалық қосылыстардың жанаса әсер ететін тез ыдырайтын препараттарының шектеулі мөлшері болса. Ал, ішкі мүшелердің барлығы жойылуы керек.
43.Жануарлардың аммоний қосылыстарынан және корбоматтардан улануы.
Динитроортокрезол (ДНОК) - жағымсыз иісті, суда нашар еритін сары түсті кристалл зат. Құрамында 25-40 %-ды дуст немесе суспензия түріндегі әсер етуші заты бар аммоний тұзы күйінде шығарылады. Қысқа төзімді зиянкестермен арамшөптерге қарсы, бау-бақшалармен жүзім алқаптарын өңдеу мақсатындағы инсектицид және фунгицид ретінде қолданылады. Қолдану мөлшері астық тұқымдастар үшін 3-5кг/га, бау-бақщалармен жүзім алқаптарында 10-20кг/га. ДНОК жануарларға өте уытты. Тышқанға ЛД100-40мг/кг, атжалманға-85, мысыққа-60, қойға-200 мг/кг. Тері мен кілегей қабыққа тез сіңеді. Препараттың гонадотропты, эмбриотоксикалық әсері бар. Нитрофен-қою қоңыр, паста тәрізді,өткір иісті, 70% әсер ететін заты бар масса. Нәтижелілігі жоғары фунгицид, инсектицид, акарацид, гербицид ретінде бақшаларда, алқаптарда қолданады.(40-75кг/га мөлшерде). Жануарларға улылығы орташа. Тышқанға ЛД50-450мг/кг,атжалманға 700-800, мысыққа 250 мг/кг. Кілегей қабықты тітіркендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет