Өткізілу формасы: дөңгелек үстел
Әдісі: әңгімелесу,пікірталас
Мақсаты: Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру жолдарын талқылау.
Міндеті:
қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту;
өзге ұлт арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру;
Көрнекілігі: тіл туралы нақыл сөздер жазылған плакат, слайд,бейнеролик Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады.
В.В. Радлов Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.
Расул Ғамзатов Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата–бабамызды,тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы Тіл жоқ жерде ұлт жоқ
Ш. Айтматов Дөңгелек үстелдің өту барысы: Кіріспе сөз:
Танытқан қазағымның қазақтығын, Танытқан қазағымның азаттығын, Танытқан қазағымның ғажаптығын, Айналдым қасиетіңнен Қазақ тілім– дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
II. Оқытушының сөзі:
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі– тіл,бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез – келген ұлттың өз тілі,мәдениеті мен тарихы болады.Ана тілімізді дамытып көкке көтеретін де өзіміз,ұмыттырып,жоқ қылатын да өзіміз.Тіл – халықтың жаны.Халқымыздың бүкіл тарихы ана тілімізбен етене байланысты.Өткен тарихымызды ұмытпау үшін ,болашақты баянды ету үшін ана тілімізді ұмытпау және халықаралық тілдер қатарына жеткізу біздің парызымыз.
«Тіл-достықтың кепілі» атты ой бөліске қош келдіңіздер!
Ей, тәкаппар дуние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов айтқандай бүгінгі дөңгелек үстелдің қонақтарымен таныстырып өтейн.
III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын “Тіл достықтың кепілі” тақырыбына арналған слайдқа назар аударайық.
IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Біздің рухани негізіміз –қазақ тілі.Тілге деген көзқарас шынында ұлтқа берілетін баға.Сондықтан тілдің майын тамызып сөйлеп,басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек. «Өзге тілдің барін біл,өз тіліңді құрметте» демекші еліміздің дамуы үшін өзге тілді тиімді қолданып,өз тілімізді басқа ұлттарға дәріптесек алға қойған мақсатымызға бір табан жақындаймыз.
Талқыланатын сұрақтар:
1.Қазіргі қоғамда қазақ тілінің алар орны қандай?
2.Қазіргі таңда жастар қазақ тілінде қаншалықты сөйлейді?
3.Тілімізді халықаралық деңгейге жеткізудің қандай жолдары бар?
4.Өзге тілді білу ,өз тілімізге зиянын тигізе ме?
Y. Әр сұрақтан кейін аудиториядағы студенттердің де жауаптары, пікірлері
тыңдалады.
YI. Қытайдады.қтан кейін аудиториядағы студенттердіннен ата-мекеніне оралған,қазақтың тарихын біршама зерттеп,«Қаралы көш» романын жазған, Еуразия жазушылар одағының мүшесіЖади Шәкенұлының өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз. YII. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Ендеше тіліміздің,еліміздің биіктен көрінуі өз қолымызда екенін ұмытпайық.
Ана тілім бал тілім Өзің барда шалкыдым Өз тілімде ән шырқап Термелетіп балқыдым Ән : «Мен қазақпын» Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!