Толықтыруларымен



бет4/9
Дата01.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#105846
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2021-2022 календарный 7-11

Сабақтың нөмері

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні

Оқу мақсаты

1. Ақпаратпен жұмыс жасау
1-тоқсан

1

Ақпаратпен жұмыс жасау

1





9.2.1.1 ақпараттың қасиеттерін анықтау (маңыздылық, дәлдік, сенімділік, құндылық)
9.4.1.1 компьютерде ұзақ уақыты жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау

2

Құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау

1








9.1.3.1 бұлтты технологияларды қолданатын құжаттармен бірлескен жұмысты жүзеге асыру

3

Желілік этикет

Бөлім бойынша жиынтық бағалау



1








9.4.2.1 желідегі этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдары туралы айту

2. Компьютер таңдаймыз

4

Компьютердің конфигурациясы

1








9.1.1.1 мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау

5-6

Бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау

2








9.1.2.1 пайдаланушының қажеттілігіне қарай бағдарламалық жасақтаманы таңдау







7-8

«Компьютер құнын есептеу»

2








9.1.1.1 мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау
9.1.2.1 пайдаланушының қажеттілігіне қарай бағдарламалық жасақтаманы таңдау









9

«Компьютер құнын есептеу»
Бөлім бойынша жиынтық бағалау

1








9.3.1.1 процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде әзірлеу және зерттеу

3. Деректер базасы
2-тоқсан

10

Деректер базасы

1








9.2.2.1 «дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру;



11

Электрондық кестеде деректер базасын құру

2






9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау;









12

Ақпаратты іздеу әдістері

1







9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру

13

Деректерді сұрыптау және сүзгілеу

1







9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру

14-15

Деректер базасымен жұмыс

2







9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау;
9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру





16

Деректер базасымен жұмыс
Бөлім бойынша жиынтық бағалау

1







9.2.2.3 деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеуді жүзеге асыру

4. Python (Пайтон) программалау тілінде алгоритмдерді программалау
3-тоқсан

17



Бірөлшемді массив

1








9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

18

Белгіленген сипаттары бар элементті іздеу

1








9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

19

Элементтердің орнын ауыстыру

1








9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

20

Есептер шығару

Бөлім бойынша жиынтық бағалау



1







9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;

21

Екіөлшемді массив

1








9.3.3.2 екі өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде бағдарламаларды жасау;

22-23

Сұрыптау
Практикалық жұмыс

2








9.3.2.1 сұрыптау алгоритмдерін қолдану





24-26

Элементті жою және кірістіру

Бөлім бойынша жиынтық бағалау



3








9.3.3.1 бір өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау;
9.3.3.2 екі өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде бағдарламаларды жасау;













5. Python (Пайтон) программалау тілінде 2D ойынын құру
4-тоқсан

27

PyGame (пайгейм) кітапханасы

1







9.3.3.3 PyGame (пайгейм); кітапханасын қосу
9.3.3.4 ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;

28-29

Артқы фон мен ойын кейіпкерлері

2








9.3.3.5 ойынның артқы фонын құру
9.3.3.6 ойынға арналған дайын кейіпкерлер жүктеу







30-31

Кейіпкерлерді анимациялау

2







9.3.3.7 кейіпкер қозғалысын программалау

9.3.3.8 пернетақтадан кейпкерді басқару;









32-33

Шарттарды программалау

2







9.3.3.9 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу

9.3.3.10 ойынның нәтижелерін есептеу алгоритмін іске асыру









34

Шарттарды программалау

Бөлім бойынша жиынтық бағалау



1








9.3.3.10 ойынның нәтижелерін есептеу алгоритмін іске асыру




Түсінік хат
2021-2022 оқу жылында 10-11 сыныптарда «Информатика» оқу пәні ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен қоғамдық-гуманитарлық бағытта 15-қосымшаға және жаратылыстану-математикалық бағытта 14- қосымшаға сәйкес оқытылады.
10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытуға бөлінген апталық жүктеме:
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта 1 сағаттан;
- жаратылыстану-математикалық бағытта 2 сағаттан.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды компьютерлік жүйелерді, ақпараттық объектілерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді құру және өңдеу, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану, жаңа қосымшалар әзірлеу үшін қажет базалық біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мазмұны веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеуге қажет білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қосымшалар дайындауда конструкторлық программалық жабдықтар қолданылады.. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады. Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі. 10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз жобасын қорғайды.
Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру; 8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 79-кестеде көрсетілген.



ҚР БҒМ «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (2019 жылғы 26 қарашада № 509 өзгерістер мен толықтырулар) төмендегі тармақ енгізілген: 14-4. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады. Осы тармаққа сәйкес 10-11 сыныптағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Информатика» оқу пәнінен тек бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Информатика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет