ISSN 1563-0323
Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (174). 2019
277
Төнкер А., Болат А.
Джек Лондонның «The White Silence» – әңгі-
месін Б. Омаров «Меңіреу мұнар»- деп ауда-
рылған. Ағылшын тілінде «Silence» – тыныштық
деген мағынаны білдірсе, «white» – «ақ түс» –
деген мағынаны білдіреді. Аудармашы бұндағы
«ақ түс» – деген сөзді қалдырып «Меңіреу
мұнар» – деп шығарманың бар болмысына
сай етіп сәтті бере білген (Жұмаш, 2016: 389).
Шығарма желісі
Канаданың Юкон аумағының
қыс мезгілінде керемет табиғат аясында көрініс
табады. Сондықтан болар автор ақша қарға
бөленген үнсіздік пен тыныштық аясындағы
оқиғаны осылай атаса керек. Бұл қысқаша
әңгіме де өркениетке қол жеткізі келген үш адам
Юкон провинцесінің солтүстік трассасы арқылы
сапар шегеді. Қысқаша әңгіменің барысы адам
мен табиғат арасындағы нәзік қарым-қатынас,
сондай-ақ адам мен жануарлар арасындағы бай
-
лынасты шебер бейнелеген. Мысалы:
«Snap! The lean brute flashed up, the white
teeth just missing Mason’s throat» [www.online-
literature.com://(The White Silence). Әңгімедегі
осы жол Б. Омаровтың аудармасында: «Арс
еткен аш төбеттің
арсиған тістері Мэйсонның
алқымына қадала жаздап-ақ қалған еді» (Дидах
-
мет, 2012: 5-6). Ағылшын тіліндегі нұсқасындағы
«white teeth» – «ақ тістер» орнына «ақсиған тіс»
– деп аудармашы сөз тіркесін сәтті берген.
Сондай-ақ: «The two men and woman grouped
about the fire and began their meager meals»www.
online-literature.com://(The White Silence). «Екі
аңшы мен әйел үшеуі отқа жақындай отырып,
тақыл-тұқыл тамақтарын жеуге кірісті (Мамы
-
ров, 2014: 172). Бұл жолдарда «meager meal»-
«мардымсыз тамақ» – деген баламаға көбірек
лайық. Ағылшын тілінде бір құрмалас сөйлем
болса, қазақ тілінде екі құрмалас сөйлем түрінде
аударылған. Аудармашы «үшеуі» – деген сөзді
жанынан қосқан. Одан болып ақсап тұрған дәнеге
жоқ, керісінше аударма тілінің ерекшелігіне
сай сөйлемдегі мағынаны толтырып тұр. Со
-
нымен қатар «мардымсыз тамақтарын жеуге
кірісті» – деуге де болар еді, бірақ «тақыл-тұқыл
тамақтарын жеуге кірісті» – деп кейіпкерлердің
азық-түлігінің көпке бармайтын мардымсыз
жайымен, күн көріс бейнесінің қиынға соғып
бара жатқанынан көрсету арқылы аударманың
бояуы қанық сәтті ете бере білген.
«Жекелей
алып қарасақ Джек Лондон
шығармаларында сөз болатын тақырыптар
тізбегі өте алуан, осыларды байыппен қарайтын
болсақ бір ғана тақырып екенін аңғаруымызға
болады. Ол – жұмыр жер, жұмбақ әлем» (Дидах
-
мет, 2012: 97) – деген пікір оте орынды айтылған.
Себебі Лондон шығармаларында көрініс таба
-
тын кейіпкерлер мен тілге тиек етер оқиғалар
желісі көбінесе тылсым сырлы, жұмбақ табиғат
пен рухты, табанды, батыл мақұлық иелері.
Сол себептен Джек Лондон анималистік жазу
-
шылар қатарынан ерекше орны алады. Өйткені
жан-жаруарлар жайлы шығармаларында адам
мен хайуанат дүниесі арасындағы өте күрделі
байланыс жан жақты суреттеледі. Осындай
шығармасының тағы бірі «Теңіз қорқауы» ро
-
маны. Бұл шығарма орыс тілінен қазақ тіліне
аударған Дидахмет Әшімханұлы.
Роман Милл-Вэлиде
саяжайында тұрып
жатқан Чарльз Ферасетке «Мартинес» кемесімен
қыдырып бара жатқан Хэмфри Ван-Вейден са
-
парын суреттеуден басталады. Романның екінші
тарауынан бастап Джек Лондон кейіпкерлерінің
мінез-құлқын қысқа тіл қатысулар барысындағы
диалогтар арқылы шебер аша білген. Мысалы:
«An’ ‘owyerfeelin’ now, sir?» he asked, with the
subservient smirk which comes only of generations
of tip-seeking ancestors.
– Иә, өзіңізді қалай сезінесіз, сэр? – деді ол
бір түрлі жарамсақ жымиыспен, бұнысы – бұл
жақсылығымды ұмытпайтын шығарсыз деген
-
дей көрінген (Жұмашева, 2016: 7).
Достарыңызбен бөлісу: