Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары


Сабақта белсенді оқыту технологияларын қолдану әдістемесі



бет4/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2. Сабақта белсенді оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
2.1 Ойын арқылы оқушы әрекетін белсендіру технологиясы
Белсендіру технологиясының маңызды әдістерінің бірі - ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналыда берік меңгеруге үлкен əсер етеді.
Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен əдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сəйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың əсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады», – десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тəсілі – ойын.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, əрі қызығып орындайтын болады.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімінің алдында тұрған негізгі мəселелердің бірі. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Əр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын əрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесу əрекетіне жетелеу. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады [7].
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кəрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нəтижелі тартуға болады. Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-əрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар əртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мəліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Бастауыш мектеп мұғалімдері сабақта оқушылардың алған білімдерін одан əрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейді. Қазақ тілі пəнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай əртүрлі əдіс-тəсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ əрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы – ыдыс, Ыдырыс, ыстық І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е – береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық «Дыбыс таңдау ойыны». Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды. «Адасқан əріптер» ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса. 1. р, о, б. – бор 2. а, ш, а, ғ. – шаға
Лексика бойынша «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда.... Ұшқанда
2. Көп... Терең...
«Кім білгір» ойыны. Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мəтелдерді кім біледі? «Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға əзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен жəне мақал мəтелдермен дұрыс əрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша «Ойлан тап» ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған «Ойна да ойлан» ойыны.
1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз. «Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны. Берілген сөйлемдерде сөздердің орын тəртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тəртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
«Ұйқасын тап ойыны». Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. /қоян/. Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. /кірпі/ «Жалғасын тап ойыны». Атаңның баласы болма, /адамның баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны» Ойынның шарты: 1-қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2-қатарға «баяндауыш» деп ат қойылады. «Бастауыштар» сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Араларға көмек ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты: тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау. Көптік жалғауын дұрыс жалғау. Септік жалғауларын табу. «Адасқан айлар» ойыны. Төрт қорап дайындайсыз. Əр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы əр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды [8].
«Сымсыз телефон» ойыны. Лексикалық бақылауды ауызша жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы: «Қалада. Қаладағы мəдени орындар». Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады. Біздің қала – аудармасын 2 - оқушы. Ары қарай жалғаса береді. Сөздік диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан бұл ойынды оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын диалогты ойнатуға болады. Бұл ойын оқушыны дұрыс мəдениетті сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді. Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нəтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Əр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сəйкес грамматикалық тапсырма, мəнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады. Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады.
Асықты «Сен айт», «Мəтінді жалғастыр» ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дəстүрді сүюге тəрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады.
Əр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынта-ықыласын, пəнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сəті». Сабақта сергіту сəтін өткізгенде оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тəрбиелік мəніне де назар аудару қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ, сұр қоян» немесе дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Əй, шымыжық, шымыжық».
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тəрбиелік мəні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс-шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. Ойын арқылы өткізілген сабақтарда артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық ісəрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі. «Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше əсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады. «Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Дүниетану сабақтарында «Адам», «Табиғат», «Қоғам» бөлімдерінде «Зоопарк», «Ботаникалық бақ», «Табиғатқа саяхат», «Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры», т.б. ойындарын пайдалануға болады.
Математиканы оқыту үдерісінде жұмыстың əр түрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады. Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жанжақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз». Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар». Көп таңбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен əсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде «Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады.
Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!», т.б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады. Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау əрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері əртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлеңесептер, викториналар, т.б.
Сонымен, белсенді оқыту технологиясы негізіндегі педагогикалық ойынның маңызы зор екендігін жаңашыл педагог-ғалымдары өз еңбектерінде атап кеткен. Ойын біріншіден, білу жəне үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тəжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кəсіптік, əуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол демалу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады. Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда əрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады. Ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақылойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген екен [9].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет