Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары


«Тірек белгілер» мәтінді оқу әдісі



бет7/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
«Тірек белгілер» мәтінді оқу әдісі. Ең алдымен мәтін оқылады, студенттер неғұрлым жақсы түсінуге тырысып, конспектілеулері тиіс. Конспектілерде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен беру - басты талап. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге де болады. Сызбаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреді, ал басқалары оны бағалап озық идеяны таңдайды. Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігі есепке алынады. Мысалы, «Ат-ер қанаты» деген ойды беру үшін ер адамды және құс қанатын салуға болады, т.с.с. Сөйтіп, тұтас мәтінді беріп шығуға болады.
Бағдаршам. «Бағдаршам» әдісі 2006 жылы 9-10 қарашада Халықаралық Варшава семианрында Балтық теңізі өңіріндегі «Адам саудасының құрбаны болған балаларға кешенді көмек» ретінде ұсынылған. Осы әдіс арқылы төніп тұрған қауіптің деңгейін анықтауға болатыны белгіленген. Жағдаятқа байланысты әртүрлі нұсқада түрлендіріліп қолданыла береді: ақша, білім, денсаулық, өзара қарым-қатынас, т.б. Мысалы, осы о бастағы мақсаты бойынша бала өміріне төніп тұрған қауіп анықталған: жасыл түс - қауіп-қатердің аз мөлшерін; қызыл түс- қауіп-қатердің орташа деңгейін; қызыл түс - қауіп-қатердің жоғары деңгейін білдірген. Қазіргі кезде білім меңгеру әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр. Инсерт әдісіне біршама ұқсас болып келеді. Онда мәтін белгілер қою арқылы оқылатын болса, бағдаршам әдісінде үш түрлі түс қолданылады:
- жасыл түс – бәрі түсінікті;
- тоқ сары түс - жартылай түсіндім немесе орта деңгейде;
- қызыл түс – мүлде түсініксіз. Мәтін таратылған соң әр студентке жеке немесе шағын топта оқып шығуға нұсқау беріледі. Сосын әр абзацты жоғарыда көрсетілген түстер бойынша белгілеп шығады. Соңында оқытушы солар бойынша жұмыс жасайды, қажетті жерінде көмек көрсете отырып, тақырыпты терең меңгеруге бағыттайды.
Мозайка. Мәтінді оқып шығуға оның күрделілік дәрежесіне сәйкес уақыт беріледі. Танысып болған соң, кітапты жабуға нұсқау беріледі немесе мәтінді жинап алу керек. Әр 32 студенттің не топтың алдына мәтін бөліктері тасталады. Сол бөліктерді құрастыра отырып, тұтас мәтін жасап шығару тапсырылады. Логикалық бірізділік жүйесімен толық ой шығуы тиіс. Бұдан мәтінді қалай меңгергендері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет