Топ: пм-2011К-8 Мамандық: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. Аты жөнім: Дайрабайқызы Мерей Жетекші Утеева. Г. Т. Жоспары



бет9/13
Дата20.12.2022
өлшемі63,48 Kb.
#58508
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Белсенді оқыту технологиясы

Талдауға арналған әдіс-тәсілдер. Мәтінмен танысқан соң оның мәнін терең түсінгенін тексеру үшін міндетті түрде талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Қандай сұрақ талданатынын оқытушы белгілейді. Ол тақырыптың негізін құрайтын, оны терең меңгеруге ықпал ететін болуы тиіс. Сондықтан да талдау жұмыстарына ұтымды, сын тұрғысынан ойлауға бағытталған, әркім өз ойын білдіруге, қателесуге, оны түзетуге, өзгеден идея алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы керек.
«635» әдісі. Бұл әдіс бойынша 6 адамнан тұратын топқа 3 идеяны 5 минут ішінде ұсынуға тапсырма беріледі. Оны жазбаша түрде беруге де болады. Ең дұрысы ауызша түрде талқыланғаны абзал. Әр топ әртүрлі идеямен танысады.
Аквариум. Оқушыларға қандай да болмасын проблеманы “көрермендер” алдында диалог үрдісінде талдауға мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл тәсілді қолдану – топқа өз идеяларын ұсынуда тиімді, студенттердің өз ойын негіздей алу қабілетін дамытып, сараптамалық сұрақтар қоя білуге үйретеді.
Жүзеге асырылуы:
- барлық қатысушылар шағын топтарға топтасады (3-4 адамнан);
- бір шағын топ аудитория ортасындағы үстелге келіп отырады («аквариумге»), оқытушы немесе жүргізуші оларға талқыланатын тақырып немесе сұрақты береді және қажетті ақпаратты да ұсынуына болады. Ал қалған топтар (белсенді емес) бақылаушы рөлін атқарады;
- белсенді («аквариумдегі») топ тапсырманы дауыстап оқып, талқылайды, ал бақылаушылар үнсіз тыңдайды, әңгімеге араласпайды, қажет жерінде жазып алуларына болады;
- белсенді топ залдағы орындарына барып отырады да, бақылаушылар енді «аквариумге» келіп жайғасады. «Аквариумдегі» топ бірінші пікірге баға береді, олардың аргументтеріне пікір айтады, сосын талқыланып жатқан сұрақ бойынша өз ойларын дәлелдеуге тырысады;
- «аквариумде» кезекпен барлық топ болып шығуы тиіс; Жалпы барлық топ бір ғана мәселені талдауына болады немесе әр топқа әртүрлі сұрақ беруге де болады. «Ыстық орындық» әдісіне ұқсайды, онда бір ғана студент «ыстық орындыққа» отырып, жауап берсе, бұл жерде шағын топ «аквариумде» болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет