Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме


ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫНЫҢ



бет5/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
химиялық қару

ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ


Ядролық зақымдану ошағы –адамдар өмір сүреті, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан ядролық қарудың әсері тиетін жер.
Ықтимал бұзылуларды бағалау және жұмыс көлемін анықтау үшін ядролық ошақты төрт аумаққа бөледі. Әрбір аумақ оның шектеріндегі артық қысым шамасы бойынша, осыған сәйкес зақымдану сипатына қарай анықталады.
Толық бұзылған аумақ. Қатты соққы шебіндегі артық қысым шамасы 0,5 кг/кв. см артық болған жағдайда туындайды. Барлық жер беті құрылыстары бұзылады. Жарылыс орталығының жан-жағындағы жасырыну имараттары, жер төлелер қирап, жер астындағы коммуналдық-энергетикалық желілер бұзылады. Бұл аумақтарда жалынның соққы толқынмен өшіп қалу салдарынан өрт туындамайды. Төзімді ҚИ жасырынған адамдар тірі қалғанымен, радиацияның әсерімен улануы мүмкін. Толықтай бұзылу аумағы барлық зақымдау аумағының 13% құрайды.
Қатты бұзылулар аумағы. 0, 3 –ден 0,5 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 10% құрайды. Ғимараттар мен имараттар түрлі деңгейде бұзылып, жасырыну имараттары мен коммуналдық-энергетикалық желілер сақталып қалады. Жарықтық импульстан қатты өрттер мен от дауылдары туындауы мүмкін. Адамдар мен жануарлар түрлі шамада жарақат алып, РЗ уланады (сыртқы сәулелену және іштей зақымдану). Орташа зақымдану аумақтары. 0,2 –ден 0,3 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 15% құрайды. Ғимараттар мен құрылыстар орта және әлсіз бұзылып, өрт ошақтары пайда болады. Адамдар контузияланып, жарақаттанады,сонымен қатар күйік шалуы мүмкін.
Әлсіз бүлінулер аумағы. 0,2 –ден 0,2 кг/кв. см дейінгі артық қысым шамасында туындап, барлық зақымдалу ошағының 65% құрайды. Ғимараттар мен имараттар әлсіз бүлініп, жарық импульсынан өрт туындауы мүмкін.


ЖЕРГІЛІКТІ РАДИОАКТИВТІК ЗАҚЫМДАНУ

Жарыластан кейін пайда болатын радиоактивтік өнімдер (ураннан бөлінген қалдықтар, ядролық зарядтың әсер етілмеген бөлігі, белгілі белсенділіктегі топырақ) жел бағытымен қозғалып, біртіндеп жарылыс аумағындағы жер бетіне қонады, одан темекі формасындағы радиоактивтік із қалдырады. Бұл РЗ жергілікті түсуі. 20-40% РЗ жер бетіндегі жарылыстарда тропосфераға көтеріліп, одан соң 1-2 ай бойына жерге отырады, бұл кезде ғаламдық радиоактивтік жауын-шашындар құрылады.


Жарылыс орталығына жуық ара-қашықтарда ірі балқыған бөлшектер 20-45 минут бойына 100 км және одан да көп аумаққа түседі. Бірнеше уақыттар бойына ұсақ бөлшектер ауада аэрозолдар құра отырып түседі.
Аумақтың радиоактивтік бүлінуі РЗ толықтай түсуі және радиация деңгейі кезіндегі сәулелену мөлшеріне қарай сипатталады. Жергілікті деп 0,5 р/сағ және одан да жоғары радиация деңгейінде бүлінуді санайды. Метеорологиялық жағдайлар мен жауын жергілікті аумақтың радиация деңгейіне қатты әсер етеді. Жаңбыр мен қар РЗ жергілікті аумаққа тез таралып, түсуіне жағдай жасап, қатты жаңбыр салдарынан жарылыстан соң жер бетінен шайып кетеді.
Осылайша, ядролық зақымдану ошағының келесі ерекшеліктері болады:
- РЗ үлкен аумақтарды ұзақ уақытқа зақымдайды;
- ошақ адамдарға, аумаққа, ғимараттар мен құрылыстарға, қоршаған ортаға екі жақты зақымдау әсерін тигізетіндігімен сипатталады;
- қатты бұзылулардың аумағының қатысты қиын жерде оналасуы.
Бұның бәрін ядролық зақымдану аумағында ҚБҚЖ жүргізуді ұйымдастыру кезінде ескерген жөн.


ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ.

Уландырғыш заттар – бұл қорғаусыз адамдар мен жануарларды жаппай улауға, ауаны, аумақты, азық-түлік өнімдерін, жануарлар азығын, суды және техниканы және басқа да объектілерді ластауға арналған арнайы синтезделген уландыру қасиеті жоғары химиялық қосындылар.


Басқа сөзбен айтқанда ҚЗ – химиялық қару-жарақты жарақтандыру үшін қолданылатын улы қосылыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет